User's Guide

Wi-Fi Direct интернетке компьютерді, мобильді құрылғыны немесе принтерді қоса алмайды.
Wi-Fi Direct құпиясөз: Принтерде Wi-Fi Direct байланысу тәсілі Автоматты параметрінде
орнатылған болса, құпиясөз әрдайм '12345678' болады. Принтерде Wi-Fi Direct байланысу тәсілі
Қолдан параметрінде орнатылған болса, құпиясөз кездейсоқ сегіз таңбалы код болады.
Принтердің басқару тақтасынан принтердіңWi-Fi Direct құпиясөзін алу үшін (Wi-Fi Direct
түймесін) басыңыз. Wi-Fi Direct құпиясөзі басқару тақтасындағы экранда көрсетіледі.
Wi-Fi Direct құрылғысын қосу үшін
1. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:
Принтердің басқару тақтасында (Wi-Fi Direct түймесін) басыңыз.
Принтердің басқару тақтасындағы Басты экраннан Wi-Fi Direct түймесін таңдаңыз, және
содан кейін OK түймесін басыңыз.
2. Орнатулар түймесін таңдау үшін ( Таңдау түймесін) басыңыз Settings.
3. Wi-Fi Direct (өздігінен орнатылады) түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Қосу түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Wi-Fi Direct қолдайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызда HP басып шығару қызметінің қосылатын модулінің соңғы нұсқасы
орнатылғанын тексеріңіз. Бұл қосылатын модульді Google Play бағдарламалар дүкенінен жүктеп алуға
болады.
1. Принтердегі Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғандығын тексеріңіз.
2. Мобильді құрылғыңызда Wi-Fi Direct мүмкіндігін қосыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді
құрылғымен бірге берілген құжаттан қараңыз.
3. Мобильді құрылғыңыздан басып шығару функциясы қосулы бағдарламадан құжатты таңдаңыз
да, құжатты басып шығару үшін опцияны таңдаңыз.
Қолжетімді принтерлер тізімі шығады.
4. Мыобильді құрылғыны қосу үшін, қолжетімді принтерлер тізімінен Wi-Fi Direct атауын таңдаңыз,
мысалы, DIRECT-**-HP OiceJet Pro XXXX (** — принтерді анықтайтын бірегей таңбалар және
ХХХХ — принтерде орналасқан принтер моделі).
Егер мобильді құрылғы принтерге автоматты түрде қосылмаса, принтерге қосу үшін принтердің
басқару тақтасындағы нұсқауларды орындаңыз. Егер PIN коды принтердің басқару тақтасында
көрсетілмесе, мобильді құрылғыда PIN кодын енгізіңіз.
Мобильді құрылғы принтерге сәтті қосылғанда принтер басып шығаруды бастайды.
Wi-Fi Direct мүмкіндігін қолдамайтын сымсыз жұмыс істейтін мобильді құрылғыдан басып шығару
Мобильді құрылғыңызға үйлесімді басып шығару бағдарламасын орнатқаныңызды тексеріңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін HP мобильді басып шығару www.hp.com/go/mobileprinting веб-сайтына
кіріңіз. Осы веб-сайттың жергілікті нұсқасы еліңізде/аймағыңызда немесе тіліңізде қол жетімді
50 6-тарау Желіні орнату KKWW