User's Guide

Принтердің IP мекенжайын тексеру
Принтердің IP мекенжайының дұрыстығын тексеріңіз.
Принтердің басқару тақтасынан принтердің IP мекен жайын табу үшін ( Сымсыз түймесін)
басыңыз. Сіз принтердің IP мекен жайын принтердің басқару тақтасының дисплейінде көре
аласыз. Егер сіз 169.254.xxx.xxx бірдей IP мекен жайды көріп тұрсаңыз, тасымалдағыш пен
принтерді бұл қате IP мекен жай ретінде өшіріп көріңіз.
Желі конфигурация бетін басып шығару арқылы IP мекен жайды алу үшін: Принтердің басқару
тақтасынан Реттеу түймесін таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз. Принтер есебі түймесін
таңдап, OK түймесін басыңыз. Желі Конфигурациялары Беті түймесін таңдап, содан кейін OK
түймесін басыңыз.
Пәрмен жолағынан (Windows) немесе желі қызметтік бағдарламаларынан (OS X) IP мекенжайы
арқылы принтерді тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: OS X Lion және OS X Mountain Lion: Желі қызметтік бағдарламасы Утилиталар
қалтасында орналасады, ол қатты дискінің жоғарғы деңгейіндегі Бағдарламалар қалтасында
болады.
OS X Mavericks: Finder бағдарламасын ашып, Опция түймесін басып тұрып, Apple ( ) мәзірінен
Жүйе туралы ақпарат тармағын таңдаңыз. Window > Желі қызметтік бағдарламасы тармағын
таңдаңыз.
Мысалы, IP мекенжайы 123.123.123.123 болса, келесіні пәрмен жолағына (Windows) теріңіз:
C:\Ping 123.123.123.123
Немесе
Желі қызметтік бағдарламасында (OS X) Ping қойындысын басып, жолаққа «123.123.123.123»
мәнін енгізіп, Ping түймесін басыңыз.
Жауап көрсетілсе, IP мекенжайының дұрыс болғаны. Күту уақытының жауабы көрсетілсе, IP
мекенжайының дұрыс болмағаны.
КЕҢЕС: Windows операциялық жүйесі орнатылған компьютерді пайдаланып отырсаңыз, HP
корпорациясының желідегі қолдау қызметі веб торабына кіруге болады: www.support.hp.com . Бұл
веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік
бағдарламалар беріледі.
HP Web Jetadmin бағдарламалық құралы
HP Web Jetadmin — желіге қосылған түрлі HP құрылғыларын, соның ішінде принтерлерді, көп қызметті
өнімдерді, сандық жіберу құралдарын тиімді реттеуге арналған жоғары марапаттарға ие, алдыңғы
қатарлы құрал. Осы шешім ғана қашықтан орнату, бақылау, техникалық қызмет көрсету, ақауларды
жою және басып шығару мен кескіндеу ортасын қауіпсіз ету мүмкіндіктерін береді. Солай уақытты
үнемдеуге, шығындарды басқаруға және салымдарды қорғауға көмектесіп, бизнес өнімділігін
арттырады.
Белгілі бір өнім мүмкіндіктерін қолдау мақсатында HP Web Jetadmin жаңартулары жасалып отырады.
Жаңартулар, шығарылым ескертулері немесе қолдау құжаттары туралы қосымша ақпаратты алу үшін
www.hp.com/go/webjetadmin веб-сайтына кіріңіз.
56 7-тарау Принтердің басқару құралдары KKWW