User's Guide

Ethernet байланысын түзету
Келесіні тексеріңіз:
Желі жұмыс істейді және желі хабы, қосқышы немесе маршрутизатор қосылған.
Ethernet кабелі принтерге дұрыс жалғанған және коннектор жанындағы Ethernet шамы қосулы.
Антивирус бағдарламалары, оның ішінде тыңшылық бағдарламаны қорғау бағдарламалары
принтердің желі қосылымына әсер етпейді. Антивирус немесе брандмауэр бағдарламалық
құралы компьютердің принтерге жалғануына тыйым салса, мәселені шешуге көмектесу үшін HP
онлайн брандмауэр ақауларын жою құралын пайдаланыңыз.
HP Print and Scan Doctor
Ақауды автоматты түрде жою үшін HP Print and Scan Doctor құралын іске қосыңыз. Қызметтік
бағдарламалар ақауларды диагностикадан өткізіп және түзетіп көреді. HP Print and Scan Doctor
барлық тілдерде қол жетімді болмауы мүмкін.
Принтер жабдығының ақаулары
КЕҢЕС: Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print
and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
Принтер кенеттен жұмыс істемей қалды
Қуат пен қуат байланыстарын тексеріңіз.
Принтердің қуат сымы жұмыс істеп тұрған розеткаға берік қосылғанын тексеріңіз.
Басып шығару механизмін туралау сәтсіздіктері
Егер туралау процесі орындалмаса, қолданылмаған қарапайым ақ қағазды кіріс науасына
жүктегеніңізді тексеріңіз. Егер картридждерді туралау кезінде кіріс науасында түсті қағаз
салынған болса, туралау сәтсіз болады.
Егер туралау процесі қайта-қайта сәтсіз болса, басып шығару механизмін тазарту керек, әйтпесе
датчикте ақау болуы мүмкін. Басып шығару механизмін тазалау үшін Басып шығару механизмі
мен картридждарға күтім жасау бөлімін қараңыз.
Егер басып шығару механизмін тазалау ақаулықты шешпесе, HP қолдау қызметіне хабарласыңыз.
www.support.hp.com веб-торабына өтіңіз. Бұл веб-сайтта жалпы принтер ақауларын түзетуге
көмектесе алатын ақпарат пен қызметтік бағдарламалар беріледі. Нұсқау берілсе, елді/аймақты
таңдаңыз да, техникалық қолдау қызметіне қоңырау шалу туралы ақпаратты алу үшін Барлық
HP контактілері түймесін басыңыз.
Принтердегі ақауды жою
Осындай проблемаларды шешу үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Принтерді өшіру үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
2. Қуат сымын ажыратып, қуат сымын қайтадан қосыңыз.
3. Принтерді қосу үшін (Қуат түймесі) түймесін басыңыз.
Ақау сақталса, хабарламада берілген қате кодын жазып алып, HP қолдау көрсету орталығымен
байланысыңыз. HP қолдау көрсету орталығымен байланысу туралы қосымша ақпаратты HP қолдау
қызметі бөлімінен қараңыз.
72 8-тарау Мәселені шешу KKWW