User's Guide
Принтер басқару тақтасынан анықтама алу
Принтер туралы қосымша ақпарат алу үшін принтердің анықтамасын пайдалануға болады және
анықтаманың кейбір тарауларында кептелістерді тазарту секілді процедураларды көрсететін
анимациялар бар.
Басты экраннан Көмек Мәзіріне немесе экран үшін контекстік көмекке кіру үшін принтердің басқару
тақтасынан
(Көмек түймесін) түймесін басыңыз.
Принтер есептерін түсіну
Принтердің ақауларын жоюға көмектесу үшін келесі есептерді басып шығара аласыз.
●
Принтер күйі туралы есеп
●
Желіні конфигурациялау беті
●
Басып шығару сапасы туралы есеп
●
Сымсыз байланысты тексеру есебі
Принтер күйі туралы есеп
Ағымдағы принтер мәліметтері мен картридждың күйін қарап шығу үшін, принтердің күй есебін
пайдаланыңыз. Сондай-ақ, принтердің күй есебі принтердің ақаулықтары жоюға көмектеседі.
Сонымен қатар, принтердің күй есебі соңғы жағдайлардың жұрналын қамтиды.
HP компаниясына қоңырау шалу қажет болса, қоңырау шалмас бұрын принтердің күй есебін басып
шығару жиі пайдалы болады.
Желіні конфигурациялау беті
Принтер желіге қосылған болса, принтерге арналған желі параметрлері мен принтер анықтаған желіте
тізімін қарап шығу үшін желіні конфигурациялау бетін басып шығаруға болады. Есептің соңғы бетінде
сол аймақтан анықталған барлық сымсыз желінің тізімі беріледі және онда сигнал күйі мен
қолданылған арналар қамтылады. Бұл желіңізге басқа желілер көп қолданып жатпаған арнаны (желі
өнімділігін арттырады) таңдауға мүмкіндік береді.
Желіге қосылу ақауларын жоюға көмектесетін желіні реттеу бетін қолдануға болады. HP
компаниясына қоңырау шалу қажет болса, қоңырау шалмас бұрын осы бетті басып шығару жиі
пайдалы болады.
Басып шығару сапасы туралы есеп
Басып шығару сапасына қатысты мәселенің бірнеше себебі бар: бағдарламалық құрал параметрлері,
нашар сурет файлы немесе басып шығару жүйесінің өзінде. Баспа сапасы ұнамаса, басып шығару
сапасын диагностикалау беті басып шығару жүйесінің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын анықтауға
көмектеседі.
Сымсыз байланысты тексеру есебі
Сіз Сымсыз Байланыс Сынақ Есебін басып шығарғанда, принтердің сымсыз байланысуының түрлі
жағдайларын тексеру үшін бірнеше сынақтар қосылады. Есеп сынақ гәтижелерін көрсетеді. Егер бір
ақау табылса, оны қалай жөндеу туралы хабарлама есептің жоғары жағында шығады. Кейбір басты
сымсыз байланыс конфигурациялар туралы ақпарат есептің төменгі жағында шығады.
KKWW Принтер басқару тақтасынан анықтама алу 73