User's Guide
Әдепкі параметрлерді және параметрлерді қалпына келтіру
Егер кейбір функцияларды өшірсеңіз немесе кейбір параметрлерді өзгертсеңіз және өзгертуді
қайтарғыңыз келсе, онда принтердің бастапқы зауыттық параметрлерін немесе желі параметрлерін
қалпына келтіруге болады.
Принтерді бастапқы зауыттық параметрлерге қою
1. Басты экраннан принтердің басқару тақтасынан Реттеу түймесін таңдаңыз, және содан кейін OK
түймесін басыңыз.
2. Құралдар түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
3. Қалпына келтіру түймесін басып, және содан кейін OK түймесін басыңыз.
4. Орнатудың барлық параметрлері өшіріліп, ал зауыттық орнатулар қайта қалпына келтірілетіні
жайлы ескерту хабарламасы пайда болады. Аяқтау үшін OK түймесін басыңыз.
Принтердің бастапқы желі параметрлерін қалпына келтіру
1. Принтердің басқару тақтасындағы Басты экраннан Желі түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін
басыңыз.
2. Желі Орнатуларын Қайта қалпына келтіру түймесін таңдап, содан кейін OK түймесін басыңыз.
Желінің әдепкі параметрлері қалпына келтірілгені туралы хабар пайда болады.
3. ( Таңдау түймесін) басу арқылы Ия түймесін таңдаңыз.
4. Желі конфигурациясы бетін басып шығарып, бұо желінің параметрлері қайта орнатылғанын
тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұрын конфигурацияланған сымсыз байланыс параметрлері принтердің желілік
параметрлерін қайта орнатқан кезде жойылды.
КЕҢЕС: Көптеген жиі кездесетін принтер ақауларын түзетуге көмектесетін ақпарат пен қызметтік
бағдарламаларды алу үшін www.support.hp.com мекенжайындағы HP компаниясының онлайн қолдау
қызметі веб-сайтына кіруге болады.
(Windows) Басып шығару, сканерлеу, көшіру қателерін анықтап, автоматты түрде түзету үшін HP Print
and Scan Doctor бағдарламасын іске қосыңыз. Бағдарлама кейбір тілдерде ғана қолжетімді.
HP қолдау қызметі
Өнімнің соңғы жаңартулары мен қолдау туралы ақпаратты алу үшін, www.support.hp.com
мекенжайындағы принтердің қолдау көрсету веб-сайтына кіріңіз. HP онлайн режимінде қолдау
принтерге қатысты түрлі қызметтерді ұсынады:
Драйверлер және жүктеулер
: Бағдарламалық құрал драйверлері мен жаңартуларды, сондай-ақ,
принтер қорабында болатын нұсқаулықтар мен құжаттамаларды жүктеп алыңыз.
76 8-тарау Мәселені шешу KKWW