User Guide - Windows 8.1
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз:
●
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, мына əрекеттер
орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе
–
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтамай шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
●
Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау
таңбасын басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына келтіру
ЕСКЕРТПЕ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Restore Defaults
(Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап
шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Сақтау
таңбасын басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін
басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРТПЕ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін
сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында бар болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында
SoftPaq
деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
90
12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)