User Guide - Windows 8.1
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
BIOS нұсқасын анықтау
Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS
нұсқаларын қамтитынын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет.
BIOS нұсқасының ақпаратын (
ROM date
(ROM күні) жəне
System BIOS
) (BIOS жүйесі) деп те
аталады) fn+esc пернелерін басу (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Computer Setup
утилитасын ашу арқылы көрсетуге болады.
1. Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастаңыз.
2. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > System Information
(Жүйе ақпараты) тарма
қтарын таңдаңыз.
3. Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі оң жақ
бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Ignore Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтамай
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS жаңартуын жүктеп алу
ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS
жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне
қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс
істеп тұрғанда, қосымша
USB қондыру құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне
қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз. Жүктеп алу жəне
орнату барысында мына нұсқауларды орындаңыз:
Компьютерді айнымалы ток көзінен ажыратқан кезде қуат сымын тартпаңыз.
Компьютердің жұмысын аяқтамаңыз немесе компьютерде ұйқылық күйді қоспаңыз.
Құрылғылар, кабельдер немесе шнурды жалғамаңыз, ажыратпаңыз немесе қоспаңыз.
1. Бастау экранында hp support assistant деп теріп, HP Support Assistant қолданбасын
таңдаңыз.
2. Updates and tune-ups (Жаңартулар мен реттеулер) пəрменінен кейін Check for HP updates
now (НР жаңартулары бар екенін тексеру) пəрменін таңдаңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
4. Жүктеу аймағында мына қадамдарды орындаңыз:
а
. Ең соңғы BIOS жаңартуын анықтап, оны қазір компьютерде орнатылған BIOS
нұсқасымен салыстырыңыз. Басқа кодтың күні, атауы немесе қосымша ақпаратын
жазып алыңыз. Бұл ақпарат жаңарту файлы қатты дискіге жүктелгеннен кейін оны
табу үшін қажет болуы
мүмкін.
ə. Таңдауыңызды қатты дискіге жүктеп алу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер жаңарту сіздегі BIOS нұсқасынан жаңа болса, қатты дискідегі BIOS жаңартуы
жүктеп алынатын орынға апаратын жолды жазып алыңыз. Сіз жаңартуды орнатуға
дайын
болғаныңызда бұл жол бойынша файлды табасыз.
Computer Setup пайдалану
91