User Guide - Windows 8.1
ЕСКЕРТПЕ: Егер компьютер желіге қосылған болса, бағдарламалардың жаңартуларын,
əсіресе жүйенің BIOS жаңартуларын орнатпас бұрын желілік əкімшімен байланысыңыз.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда
көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына
қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранына файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) опциясын
таңдаңыз.
2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты
диск болып табылады.
3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі
қалтаны тауып ашыңыз.
4. .exe кеңейтімі бар файлды екі рет
басыңыз (мысалы, файл атауы.exe).
BIOS орнатылуы басталады.
5. Экрандағы нұсқауларды орындау арқылы орнатуды аяқтаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Орнату сəтті аяқталды сияқты хабар экранға шығарылғаннан кейін жүктелген
файлды қатты дискіден жоюға болады.
MultiBoot желісін пайдалану
Жүктеу құрылғыларының реті туралы
Компьютер басталғанда, амалдық жүйе іске қосылған жүктеу құрылғыларынан жүктеуге
кіріседі. Зауытта қосылған MultiBoot утилитасы амалдық жүйенің жүктеу құрылғысын таңдау
ретін басқарады. Жүктеу құрылғыларының тізіміне оптикалық диск жетектері, дискет
жетектері, желілік интерфейс картасы (NIC), қатты
дискілер жəне USB құрылғылары кіреді.
Жүктеу құрылғыларында компьютерді бастау жəне дұрыс жұмыс атқаруға қажет жүктелетін
медиа немесе файлдар бар.
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір жүктеу құрылғылары жүктеу ретіне қосылмас бұрын, оларды Computer
Setup утилитасында іске қосу қажет.
Computer Setup утилитасында жүктеу ретін өзгерту арқылы компьютердің жүктеу құрылғысын
іздеу ретіне де өзгерістерді енгізуге болады. Экранның төменгі жағында «Press the ESC key for
Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда,
esc пернесін басыңыз, одан кейін f9 пернесін басы
ңыз. f9 пернесі басылғанда, ағымдағы жүктеу
құрылғыларды көрсететін мəзір ашылады жəне жүктеу құрылғысын таңдауға мүмкіндік
беріледі. Немесе MultiBoot Express құралын компьютер қосылған не қайта басталған сайын
компьютерде жүктеу құрылғысының орналасуы сұралатындай етіп
орнатуға болады.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау
MultiBoot құралын келесі жағдайларда пайдалануға болады:
92
12-тарау Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)