User Guide - Windows 8.1

1
Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің бастау
экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows пернесін басыңыз. Windows
пернесі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу (25-бет) бөлімінен қараңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңартувирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану (76-бет)
бөлімінен қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Компьютермен танысу (4-бет) жəне Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау (32-бет) бөлімдерін
қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранында п деп жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз жəне
көрсетілген тізімінен опцияны таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген
нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе
өндірушінің веб-торабында болуы мүмкін.
Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің
сақтық көшірмесін жасаңыз. Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру (85-бет) бөлімін қараңыз.
1