User Guide - Windows 8.1

а Компьютерді сапарға алып шығу
Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі
мына кеңестерді орындаңыз:
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа
карталарды
шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, оны диск орнынан шығарып алмас бұрын жəне дискімен тасымалдау,
сақтау немесе сапарға шығу алдында, медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
Компьютерді сөндіріңіз.
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
Ұшақпен саяхаттау кезінде компьютерді қол жүгі ретінде алып жү
ріңіз; оны жүк бөлімінде
тасымалдауға болмайды.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік
өрісі бар қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары
магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
Əуе сапары кезінде компьютер қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құзырында. Ұшу
кезінде компьютерді қолдану үшін, алдын ала əуе компаниясынан рұқсат алыңыз.
Егер компьютер қолданылмайтын болса жəне сыртқы қуатқа 2 аптадан артық
жалғанбайтын болса, батареяны шығарып алып,
оны бөлек сақтаңыз.
Егер компьютерді немесе дискіні тасымалдайтын болсаңыз, тиісті қорғаныш орамы мен
"FRAGILE" (Тез сынғыш) деген ескертпесі бар жапсырманы қолданыңыз.
Егер компьютерде, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе
GPRS (деректерді пакеттеп тасымалдау) құрылғысы сияқты сымсыз құрылғы
немесе ұялы
телефон орнатылған болса, бұл құрылғылардың кейбір орталарда тыйым салынатындығын
ескеріңіз. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш заттардың жанында жəне қауіпті
орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір құрылғыны қолдану бойынша
саясатты нақты білмесеңіз, оны қолданудан б
ұрын рұқсат сұраңыз.
Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз:
Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін
тексеріңіз.
Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері
бойынша қойылатын
талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері
əртүрлі болуы мүмкін.
100
а қосымшасы Компьютерді сапарға алып шығу