User Guide - Windows 8.1
2
Компьютермен танысу
Оң жағы
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерге ұқсас суретті қараңыз.
Бөлік Сипаттама
(1)
Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс
(микрофон) ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштерге,
құлаққаптарға, тығын тəріздес құлақаспаптарға немесе
гарнитураға қосылады. Сонымен қатар, қосымша
гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек
микрофон құрылғыларын қолдамайды.
АБАЙ
БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық
,
қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелер
нұсқаулығын қараңыз. Осы нұсқаулықты ашу үшін, Пуск
(Бастау) экранына поддержка (қолдау) сөзін теріп, HP
Support Assistant (HP қолдау көмекшісі) бағдарламасын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы ұяға қосылған кезде, компьютер
үндеткіштері ажыратылады
.
ЕСКЕРТПЕ: Құрылғы кабелінің аудио шығыс
(құлақаспап) жəне аудио кіріс (микрофон) ұяларының
екеуіне сəйкес келетін 4 сымды қосқышы бар екеніне
көз жеткізіңіз.
(2)
USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер
немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы
жалғанады.
USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты
USB
құрылғысын пайдалану (59-бет) бөлімінен қараңыз.
(3)
Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы
үлгілерде)
Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті
оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады.
4
2-тарау Компьютермен танысу