User Guide - Windows 8.1
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу жəне өшіру
Енгізілген сандық пернетақтаны қосу үшін fn+num lk пернелерін басыңыз. Енгізілген сандық
пернетақтаны өшіру үшін fn+num lk пернелерін қайта басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Cыртқы пернетақта немесе сандық пернетақта компьютерге жалғанғанда,
енгізілген сандық пернетақта өшеді.
Енгізілген сандық пернетақтадағы перне функцияларын ауыстыру
Енгізілген сандық пернетақтадағы пернелердің функцияларын стандартты пернетақта
функциялары ретінде де, сандар пернетақтасы функциялары ретінде де қолдануға болады.
●
Сандық пернетақта өшірулі күйде болғанда, оның пернесінің шарлау функциясын
пайдалану үшін, пернетақта пернесімен
бірге fn пернесін басып ұстап тұрыңыз.
●
Пернетақта қосылып тұрғанда, пернетақта пернесінің стандартты функциясын қолдану:
◦
Кіші əріппен жазу үшін, fn пернесін басып, ұстап тұрыңыз.
◦
Бас əріппен жазу үшін, fn+shift пернелер тіркесімін басып, ұстап тұрыңыз.
Кірістірілген сандар пернетақтасын қолдану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Бөлік Сипаттама
(1)
num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне
сандар функциясын атқарады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған
пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына
келеді.
(2)
Кірістірілген сандық пернетақта num lk пернесі қосылғанда, оны сыртқы сандық пернетақта
сияқты пайдалану
ға болады.
Қосымша сыртқы сандық пернетақтаны пайдалану
Көптеген сыртқы сандық пернетақталардағы пернелер num lock қызметінің қосулы немесе
өшірулі болуына байланысты əртүрлі қызмет атқарады. (Num lock зауытта өшіріледі.) Мысалы:
●
num lock қосулы болғанда, пернетақта пернелерінің көбі сандарды тереді.
●
num lock өшірулі болғанда, пернетақта пернелерінің көбі көрсеткі
, page up немесе page
down пернелері сияқты жұмыс істейді.
40
4-тарау Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау