User Guide - Windows 8.1
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын видео ұясына жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, fn+f4
пернесін басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
●
Қос: экрандағы кескінді бір уақытта
компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен көру.
●
Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
fn+f4 пернесі басылған сайын, көрсету кү
йі өзгереді.
ЕСКЕРТПЕ: Жақсы нəтиже үшін, егер «Дополнительные» (Қосымша) опциясы таңдалған
болса, сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын мына жолмен реттеңіз. Бастау
экранында панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, одан кейін бағдарламалар
тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын та
ңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Дисплей ішінен Настройка
разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
HDMI үшін дыбыс реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі
аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Windows жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан
хабарландыру аймағындағы Динамики (Үндеткіштер) белгішесін оң жақ түймешікпен
түртіп, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) пəрменін таңдаңыз.
2. Ойнату аймағынан Цифровой выход (Сандық шығыс) немесе Цифровое устройство
вывода (HDMI) (Сандық шығыс құралы (HDMI)) тармағын таңдаңыз
.
3. По умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
46
5-тарау Мультимедиа