User Guide - Windows 8.1

ЕСКЕРТПЕ: Компьютер айнымалы ток көзінен ажыратылғаннан кейін дисплей жарықтығы
батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін автоматты түрде төмендейді. Таңдаулы компьютер
үлгілерінде ғана графикалық режимдер батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту мақсатында
қолданылады. Қосымша ақпаратты
Ауыспалы графикалық режимдер (таңдаулы үлгілерде
ғана) (57-бет) бөлімінен қараңыз.
Батарея туралы қосымша ақпарат табу
HP Support Assistant құралдармен қамтамасыз етеді жəне батарея туралы ақпарат береді.
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Аккумулятор и производительность (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батарея жұмысын тексеруге арналғ
ан батареяны тексеру құралы
Батареяның қызмет ету мерзімін ұлғайтуға арналған тексеру, қуатты басқару жəне дұрыс
күтім мен сақтау туралы ақпарат
Батареяның түрлері, сипаттамалары, батареяның қызмет ету мерзімдері жəне
сыйымдылығы туралы ақпарат
Батарея туралы ақпаратқ
а қол жеткізу үшін
Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Аккумулятор и производительность (Батарея
жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Аккумулятор и производительность (Батарея
жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін тексереді
жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң
жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның сақтық
сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Қуат параметрлерін
орнату
51