User Guide - Windows 8.1

Бекіту ысырмасы жоқ батареяны салу
Батареяны салу үшін
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареядағы құлақшаларды компьютердегі ойықтармен туралап (1), батареяны ұясына
салыңыз.
3. Батареяны (2) орнына түскенше төмен қарай б
ұрыңыз.
Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде орналастырады.
Бекіту ысырмасы жоқ батареяны шығарып алу
Батареяны алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны
шығарып алмас бұрын, күту режимін қосыңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы
өшіріп тастаңыз.
1. Компьютерді төңкеріп, батарея ұясы өзіңізге қараған күйде тегіс бетке қойыңыз.
2. Батареяны шығару үшін, батареяны босатуға арналған оң жақтағы ысырманы (1), одан
кейін батареяны босатуға арналған сол жақтағы ысырманы (2) сырғытыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін
жылжытуға болады.
54
6-тарау Қуатты басқару