User Guide - Windows 8.1
3. Батареяны (3) жоғары қарай бұрып, компьютерден шығарып алыңыз (4).
Батарея қуатын үнемдеу
●
Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры
питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
●
Қуат параметрлерінен төмен заряд деңгейін таңдаңыз.
●
Сымсыз жəне LAN қосылыстарын ажыратып, оларды қолданбаған кезде модем
бағдарламаларынан шығыңыз.
●
Оларды
қолданбаған кезде сыртқы қуат көзінен ажыратылмаған сыртқы құрылғыларды
ажыратыңыз.
●
Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды
өшіріңіз немесе шығарып алыңыз.
●
Экран жарықтығын азайтыңыз.
●
Жұмысты тоқтатқан
кезде, ұйқылық күйді қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50
пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектемеңіз,
бұзбаңыз немесе теспеңіз; сыртқы түйіспелерді қысқа тұйықтамаңыз; отқа немесе суға
тастамаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
55