User Guide - Windows 8.1

Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
ЕСКЕРТПЕ: Келесі нұсқаулар пайдаланушы ауыстыратын батареясы бар компьютерлерге
қатысты қолданылады.
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы
ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін қолдау
қызметімен байланысыңыз.
Ауыспалы графикалық режимдер (таңдаулы үлгілерде ғана)
Таңдаулы үлгілерде ауыспалы графикалық режимдер болады. Ауыспалы графикалық
режимдерге екі AMD™ жəне Intel графикасы қолдау көрсетеді. Егер компьютеріңізде AMD
динамикалық ауыспалы графикалық режимдер болса, құрылғыңызда тек ауыспалы графикалық
режимдер ғана қолданылады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ауыспалы графикалық режимдерді қолдайтынын анықтау үшін,
ноутбугіңіздің графикалық процессорының конфигурациясын қараңыз. Intel орталық
процессорлары ((CPU-лар) жəне жылдамдатылған AMD процессорлары (APU-лар) ауыспалы
графикалық режимдерді қолдайды.
Ауыспалы графикалық режимдер графиканы өңдеудің екі режимін ұсынады:
Жұмыс режимібұл режимде бағдарламалар оңтайлы өнімділікпен жұмыс атқарады.
Қуат үнемдеу режимібұл режим батареяның қызмет ету мерзімін сақтайды.
Ауыспалы графикалық режимдерді пайдалану (таңдаулы үлгілерде ғана)
Ауыспалы графикалық режимдер жұмыс режимі мен қуат үнемдеу режимі арасында ауысуға
мүмкіндік береді.
Ауыспалы графикалық режимдер қуат талаптарына сəйкес жұмыс режимін немесе қуат
үнемдеу режимін жеке бағдарламаларға автоматты түрде тағайындайды. Сонымен қатар, əр
жеке бағдарлама үшін параметрлерді
қолмен өзгертуге жəне жұмыс режимі мен қуат үнемдеу
режимі арасында ауысуға мүмкіндік беріледі.
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша ақпарат алу үшін, ауыспалы графикалық режимдер бағдарламалық
құралының анықтамасын қараңыз.
Қуат параметрлерін орнату
57