User Guide - Windows 8.1
Қатты дискіні шығарып алу
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны салу жəне шығарып алу (52-бет) бөлімін қараңыз).
5. Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді алыңыз (
Қызмет көрсету үшін ашатын есіктерді
шешу (63-бет) бөлімін қараңыз).
6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1).
7. Қатты дискіні қосқыштан ажырату үшін, қатты дискіні (2) компьютердің ортасынан
жылжытыңыз.
8. Қатты дискіні орнынан алу үшін, пластмасса кесіндісін (3) тартыңыз.
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні қатты диск ұясына салыңыз (1).
2. Қатты дискіні қосқышқа жалғау үшін, қатты дискіні (2) компьютердің ортасына қарай
тартыңыз.
Қатты дискілерді пайдалану
65