User Guide - Windows 8.1

9
Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
Windows амалдық жүйесі қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік мүмкіндіктері жəне
Windows жүйесіне кірмейтін Setup Utility (BIOS) құралы жеке параметрлеріңіз бен
деректеріңізді əртүрлі қауіптерден қорғауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік шешімдері сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған.
Бірақ олар құрылғыға күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдардың
сақтық көшірмелерін жасап, файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Нұсқаулықтың ішінде сипатталған кейбір функциялар компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютеріңіз Computrace құралын қолдайды, бұл онлайн қауіпсіздікке
негізделетін қадағалау жəне қалпына келтіру қызметі кейбір аймақтарда қолжетімді болады.
Егер компьютер ұрланған болса, рұқсаты жоқ пайдаланушы Интернетке кіргенде Computrace
құралы компьютердің ізін қадағалай алады. Computrace құралын пайдалану үшін,
бағ
дарламалық құралды сатып алып, қызметке жазылуыңыз тиіс. Computrace бағдарламалық
құралына тапсырыс беру туралы ақпаратты алу үшін,
http://hp-pt.absolute.com мекенжайы
бойынша веб-торапқа өтіңіз.
Компьютер қаупі Қауіпсіздік мүмкіндігі
Компьютерді рұқсатсыз қолдану HP Client Security бағдарламалық құралы құпия сөз, смарт
карта, контактісіз карта, тіркелген саусақ ізі мен басқа
аутентификациялық деректермен бірге қолданылғанда
Computer Setup (f10) утилитасына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына р
ұқсатсыз кіру DriveLock құпия сөзі немесе автоматты DriveLock құпия
сөзі Computer Setup* бөлімінде
Қосымша сыртқы оптикалық дискіден рұқсатсыз бастау
(таңдаулы үлгілерде ғана), оптикалық сыртқы қатты диск
(таңдаулы үлгілерде ғана), немесе ішкі желі адаптері
Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері
мүмкіндігі*
Windows пайдаланушы
жазбасын рұқсатсыз пайдалану Windows пайдаланушы құпия сөзі
Деректерге рұқсатсыз кіру
HP драйвын шифрлау бағдарламасы
Windows қорғағышы
Computer Setup параметрлеріне жəне басқа жүйені
анықтау ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің
ұясы (қосымша қауіпсіздік
кабелімен бірге қолданылады)
*Computer Setup дегеніміз алдын ала орнатылған, ROM жадына негізделген утилита,ол амалдық жүйе жұмыс істемей
тұрғанда немесе жүктелмегенде де қолданылады. Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін,
(сенсорлы тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны пайдаланыңыз.
68
9-тарау Қауіпсіздік