User Guide - Windows 8.1

Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа кіруді
басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін. Құпия
сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows жүйесінен
басқа ж
үйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында қосылады.
Windows құпия сөздері Windows амалдық жүйесінде ғана орнатылады.
Егер
HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS
əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
Егер DriveLock қолданушы құпия сөзі мен Computer Setup құралының DriveLock негізгі
құпия сөзінің екеуін де ұмытып қалсаңыз, осы
құпия сөздермен қорғалған қатты диск
мүлдем жабылып қалады жəне оларды қолдану ары қарай мүмкін болмайды.
Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының мүмкіндігі үшін жəне Windows қауіпсіздік
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады. Бірдей құпия сөзді Computer Setup утилитасының
бірнеше
мүмкіндігі үшін пайдалануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді ісіңізде сақтаңыз:
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-
сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау ма
қсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз.
Келесі кестелерде əдетте қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшісінің құпия сөздерінің тізімі
берілген жəне олардың функциялары сипатталған.
Windows жүйесінде құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімші есептік жазбасына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушы құпия сөзі* Windows пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
*Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы
құпия сөзі параметрлерін орнату туралы
ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. Бастау экранынан HP Support Assistant бағдарламасына
қол жеткізу үшін, HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Құпия сөздерді пайдалану
69