User Guide - Windows 8.1
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
ЕСКЕРТПЕ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қ
атты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын алуға
қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы
қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды жəне бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде орнатылады.
ЕСКЕРТПЕ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық
ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC
пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator Рassword (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын таңдаң
ыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Сұралғанда, құпия сөзді теріңіз.
5. Сұралғанда, растау үшін жаңа құпия сөзді қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұ
сқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен Main (Негізгі) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді
сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
70
9-тарау Қауіпсіздік