User Guide - Windows 8.1
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды
шешуге болады.
●
f11 қалпына келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі
жəне зауытта орнатылған бағдарламалық құрал
бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек
таңдаулы үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows амалдық жүйесінің DVD дискісін
сатып алып компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша
ақпарат алу үшін
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану (87-бет)
бөлімін қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Ақпаратты бұрын жасалған сақтық көшірмеден қалпына келтіру үшін файлдар мен қалталарды
қалпына келтіру туралы нұсқауларды Windows «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау)
бағдарламасынан қараңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін,
мына қадамдарды
орындаңыз:
ЕСКЕРТУ: Кейбір Startup Repair опциялары қатты дискіні мүлдем жойып, қайта пішімдейді.
Жасалған барлық файлдар мен компьютерге орнатылған кез-келген бағдарламалық құрал
біржолата жойылады. Қайта пішімдеу аяқталғанда, қалпына келтіру процесі қалпына келтіру
сақтық көшірмесінен амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді, ба
ғдарламалық құралдарды
жəне утилиталарды қалпына келтіреді.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Мүмкін болса, бейнені қалпына келтіру бөлімінің жəне Windows бөлімінің бар-жоғын
тексеріңіз.
Бастау экранында файл сөзін жазып, Проводник (Жетектеуші) белгішесін басыңыз.
– немесе –
Бастау экранына pc (
пк) əріптерін жазып, Этот компьютер (Осы ДК) тармағын таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Windows жəне бейнені қалпына келтіру бөлімдері тізімде болмаса,
амалдық жүйені жəне бағдарламаларды Windows амалдық жүйесінің дискісі жəне
Драйверді қалпына келтіру дискісі арқылы (екеуі де бөлек сатып алынады) қалпына
келтіру керек. Қосымша ақпарат алу үшін
Windows амалдық жүйесінің дискісін (бөлек
сатылады) пайдалану (87-бет) бөлімін қараңыз.
3. Егер Windows бөлімі мен Recovery Image (Суретті қалпына келтіру) бөлігі көрсетілсе, shift
пернесін Перезагрузить (Қайта қосу) түймешігімен бірге басу арқылы компьютерді қайта
іске қосыңыз.
4. Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) пəрменін таңдап, Дополнительные
параметры (Қосымша параметрлер) опциясын жəне Восстановление
при загрузке
(Қосылғанда жөндеу) параметрін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Windows құралдарымен ақпаратты қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу
үшін, Windows жүйесінің «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) қызметінен осы
тақырыптарды іздеңіз.
86
11-тарау Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру