User Guide - Windows 8.1
12
Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер)
арасындағы байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың
параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі
қ
амтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
ЕСКЕРТПЕ: Қосымша драйверлі USB қолдауы іске қосылған болса, USB портына жалғанған
сыртқы пернетақтаны немесе тінтуірді Computer Setup утилитасында пайдалануға болады.
Computer Setup бастау үшін, мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін
f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз
.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы
тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны
пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
●
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пəрменді таңдау
үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
●
Жо
ғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі
пернелерін басыңыз.
●
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу жəне
басты Computer Setup экранына оралу
үшін, esc пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup пайдалану
89