Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2013, 2014 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Microsoft, Windows жəне Windows 7 — Microsoft компаниялар тобының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне кепілдік тек осындай өнімдермен жəне қызметтермен бірге келетін тікелей кепілдік мəлімдемелерінде беріледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ............................................................................................................................ 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 1 Қосымша HP ресурстары .....................................
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану .................................................................................................. 20 Мультимедиа мүмкіндіктері ............................................................................................................. 20 Веб-камераны пайдалану ................................................................................................................. 21 Дыбысты пайдалану .........................................................................
Пайдаланушы ауыстыратын батареяны тастау .............................................................. 38 Пайдаланушы ауыстыратын батареяны ауыстыру ......................................................... 38 Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу ........................................................................................... 39 Компьютердің жұмысын аяқтау ....................................................................................................... 39 7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу ..
Бағдарламалық құрал қолданбаларының жəне мəліметтеріңіздің сақтық көшірмелерін жасау ................................................................................................................................................. 52 Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану .................................................................................. 52 10 Computer Setup (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану .......................................
Жұмыс ортасы ................................................................................................................................... 66 13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ............................................................................................. 67 Ақаулықтарды жою ........................................................................................................................... 67 Сымсыз байланыс мəселелері ........................................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютерді орнату жасалғаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын табуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді оқып шығыңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаландыңыз. Толық өнім ақпаратын, орындау əрекеттерін жəне қосымша ақпаратты қамтамасыз ететін ресурстарды табу үшін, мына кестені қараңыз.
Ресурстар Мазмұны МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: НР өнімін жоғарыда берілген мекенжайға ҚАЙТАРМАҢЫЗ. АҚШ-та қолдау алу үшін, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз. Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабын қараңыз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу ▲ Пуск (Бастау) > Компьютер тармақтарын таңдаңыз. Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискімен, қатты күйдегі дискілерімен (SSD) немесе қосалқы қатты дискімен қоса барлық сақтау құрылғыларының тізімі көрсетіледі. Компьютерде алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды көру үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) тармағын таңдаңыз.
Оң жағы Бөлік (1) Сипаттама USB 2.0 порттары (2) Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын қосады. ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (41-бет) бөлімінен қараңыз. (2) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Оптикалық дискіні оқиды жəне жазады (тек таңдаулы үлгілерде). (3) Оптикалық дискіні шығару түймешігі (тек таңдаулы үлгілерде) Диск салғышты шығарады.
Сол жақ Бөлік (1) Сипаттама Қауіпсіздік кабелінің ұясы Қосымша қауіпсіздік кабелін компьютерге жалғайды. ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін. (2) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптеріне қосылады. (3) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда.
Бөлік (9) Сипаттама Аудио шығыс (құлақаспап)/Аудио кіріс (микрофон) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар, қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұя қосымша тек микрофон құрылғыларын қолдамайды. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (1 немесе 2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) WWAN антенналары (1 немесе 2)* (тек таңдаулы үлгілерде) Сымсыз ғаламдық желімен (WWAN) байланыс жасау мақсатында сымсыз сигналдарды жібереді жəне қабылдайды. (3) Веб-камера шамы Қосулы: Веб-камера қолданылуда. (4) Веб-камера Бейнені жазады жəне суреттерді түсіреді.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Сол жақ сенсорлық тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Қосулы: компьютер қосулы. ● Жыпылықтау: компьютерде қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. (2) Caps lock шамы Қосулы: пернелердің барлығын бас əріп ететін «Caps lock» пернесі басылған.
Түймешік Бөлік Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер қосулы болғанда, ұйқы күйін қосу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ● Компьютер күту күйінде болған кезде, күту күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты экранға шығарылады. (2) fn пернесі esc пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты экранға шығарылады. (3) Windows пернесі Windows жүйесінің Пуск (Бастау) мəзірін көрсетеді. (4) Əрекеттер пернелері Жиі қолданылатын жүйелік функцияларды орындайды. (5) num lk пернесі Кірістірілген сандық пернетақтада жылжу функциясын жəне сандар функциясын атқарады.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батареяны бекіту жəне құлып алу ысырмасы Батарея ұясына батареяны бекітеді жəне құлып алады. (2) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (3) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРТПЕ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Компьютеріңіздің үлгісіне байланысты, осы бөлімде көрсетілген барлық жапсырмалар 3 орынның біреуінде орналасады: компьютердің төменгі жағына жабыстырылған, батарея орнында немесе қызмет көрсету үшін ашылатын есіктің астында орналасқан. ● Сервистік жапсырма компьютерді анықтауға арналған маңызды ақпаратты қамтамасыз етеді.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
Сымсыз құрылғылар зауытта қосылатындықтан, оларды бір уақытта қосу немесе өшіру үшін, сымсыз байланыс түймешігін пайдалануға болады. Амалдық жүйе басқару элементтерін пайдалану Желі жəне ортақ қолдану орталығы қосылымды немесе желіні орнатуға, желіге қосылуға, сымсыз желілерді басқаруға жəне желі ақаулықтарын тексеруге жəне жөндеуге мүмкіндік береді.
WLAN желісін орнату WLAN құрылғысын орнату жəне Интернетке қосылу үшін, төмендегі жабдық қажет: ● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен сатып алынған жоғары жылдамдықты интернет қызметі ● Сымсыз жол жоспарлағыш (2) (бөлек сатылады) ● Сымсыз компьютер (3) ЕСКЕРТПЕ: Кейбір модемдердің ішіне жол жоспарлағышы орнатылады. Интернет провайдерінен модем түрінің қайсысын пайдаланатындығын сұраңыз.
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады. ● Сымсыз шифрлауды қолданыңыз. Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама жəне қолдау» тармағын қараңыз. WLAN желісіне қосылу WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз байланыс шамы ақ болады.
Bluetooth құрылғысы Bluetooth құрылғыларының дербес желісін орнатуға мүмкіндік беретін тең дəрежелі мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Bluetooth құрылғыларының параметрлерін реттеу жəне оларды пайдалану туралы ақпаратты Bluetooth бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз. Сымды желіге қосылу Жергілікті желіге (LAN) қосылу Компьютерді тікелей үйдегі жол жоспарлағышқа (сымсыз жұмыс істеудің орнына) немесе офистегі бұрыннан бар желіге қосу керек болса, LAN байланысын пайдаланыңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Мультимедиа мүмкіндіктері Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік Сипаттама (3) Ішкі микрофон Дыбысты жазады. (4) Оптикалық диск жетегі (тек таңдаулы үлгілерде) Компьютер үлгісіне байланысты, оптикалық дискті оқиды немесе оптикалық дискті оқып, оған жазады. (5) USB 2.0 порттары (2) Қосымша USB құрылғыларын қосады. ЕСКЕРТПЕ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану (41-бет) бөлімінен қараңыз. (6) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады.
Веб-камераны пайдалану үшін, Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Общение и чат (Байланысу жəне чат) > CyberLink YouCam тармағын таңдаңыз. Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Пуск (Бастау) > Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармақтарын таңдаңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін өзгерту немесе растау үшін, Пуск (Бастау) > Панель управления (Басқару тақтасы) > Оборудование и звук (Аппарат жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) тармақтарын таңдаңыз. Бейнені пайдалану Бұл компьютер таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге қосылмаған компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді. HDMI құрылғысын жалғау Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз. HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады. Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау: 1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. 2.
1. Тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамик (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2. Воспроизведение (Ойнату) қойындысындағы Digital Output Device (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз. 3. Установить по умолчанию (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз. Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз. 1.
5 Пернетақтаны жəне меңзегіш құрылғыларды пайдалану Бұл компьютер экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Пернетақтамен қоса, сенсорлы тақта экрандағы функцияларды орындауға мүмкіндік береді. Кейбір үлгілерде жиі жасалатын тапсырмаларды оңай орындауға арналған арнайы əрекет пернелері немесе функциялық пернелер болады. Сенсорлы тақта сияқты компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
ЕСКЕРТУ: Компьютерді реттеудің қызметтік бағдарламасына өзгертулер енгізгенде, аса мұқият болыңыз. Қателер компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Белгіше Перне Сипаттама f1 Windows амалдық жүйесі мен компьютер, сұрақтарға жауаптар, оқулықтар мен компьютер үшін жаңартулар туралы ақпаратты қамтитын анықтама жəне қолдау орталығын ашады. Сонымен қатар, анықтама жəне қолдау орталығы ақаулықтарды автоматты түрде жою құралдарын жəне қолдау көрсету орталығымен хабарласу үшін сілтемелер ұсынады.
Пернелер тіркесімдерін пайдалану Пернелер тіркесімі – fn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің біреуінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз. Қызмет Пернелер тіркесімі Сипаттама Жүйе ақпаратын ашады. fn+esc Жүйенің аппараттық бөліктері жəне жүйенің BIOS нұсқасының нөмірі туралы ақпаратты көрсетеді.
Сенсорлы тақтаны қолдану Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (2) Сол жақ сенсорлық тақта түймесі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. (3) Оң жақ сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді. Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз.
Шарлау Экрандық меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақтаның беті арқылы қалаған бағытқа жылжытыңыз. Таңдау Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады.
Сенсорлы тақта іс-қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта жұмыс үстеліндегі элементтерді басқару үшін, саусақтарыңызбен сырғыту, шымшу жəне айналдыру қимылдарын жасауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану үшін сенсорлы тақтаға екі саусақты бір уақытта орналастырыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле бермейді. Қимылдың көрсетілімін көру үшін 1.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. Жылжыту үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз. ЕСКЕРТПЕ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады. Шымшу/масштабтау Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді. 32 ● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен ғана жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде оңтайлы қуат жоспары қолданылады.
Компьютер ұйқы режимінен шыққанда, қуат шамдары жанып, компьютерде жұмысты тоқтатқанға дейін көрсетілген экран шығады. ЕСКЕРТПЕ: Егер күту режимінен қосылған кезде құпия сөз сұралатындай етіп орнатылған болса, жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзін енгізу қажет болады.
● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын экранда көру үшін, меңзерді тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін ашу немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткішінің белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз. Əртүрлі қуат көрсеткішінің белгішелері компьютердің батарея қуатымен немесе сыртқы қуатпен жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын пайдаланушы ауыстыратын батареяны шығарып алу ақпараттың жоғалуына себеп болуы мүмкін. Ақпараттың жоғалуына жол бермеу үшін, батареяны шығарып алмас бұрын жұмысыңызды сақтаңыз немесе компьютерді Windows жүйесі арқылы өшіріп тастаңыз. 1. Батареяны шығару үшін, батареяны құлыптау ысырмасын (1), одан кейін батареяны шығару ысырмасын (2) сырғытыңыз. 2. Компьютерден (3) батареяны шығарып алыңыз.
2. Батареяны бекіту ысырмасын (2) құлыптау позициясына орнатыңыз.
● Пайдаланбаған кез келген сыртқы жад карталарының жұмысын тоқтатыңыз, оларды өшіріңіз немесе шығарып алыңыз. ● Жұмысты тоқтатқан кезде, ұйқы күйін не күту күйін қосыңыз немесе компьютерді өшіріңіз. Төмен батарея деңгейлерін анықтау Компьютерде жалғыз қуат көзі болып тұрған батареяның заряды аз немесе өте төмен деңгейге жеткенде, хабарландыру аймағындағы қуат көрсеткішінің белгішесі «заряд төмен» немесе «заряд өте төмен» ескертуін көрсетеді.
Сыртқы қуат көзіне қосып жұмыс істеу Айнымалы ток көзіне қосу туралы қосымша ақпаратты компьютер қорабының ішіндегі Орнату нұсқаулары кітапшасынан қараңыз. Мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы сырттағы қуат көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер ұйқы немесе күту күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, ұйқы немесе күту күйінен шығу қажет. 1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Пуск (Бастау) > Завершение работы (Жұмысты аяқтау) тармағын таңдаңыз.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютер бағдарламалық құралы, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск бар.
Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі. ЕСКЕРТПЕ: USB құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін. USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдалуын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1.
ЕСКЕРТУ: Жад картасы қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, жад картасын күштеп енгізбеңіз. 1. Сандық картаны ұстағанда, жапсырмасын жоғары, ал оның қосқыштарын компьютерге қаратыңыз. 2. Картаны жад картасы оқу құрылғысына енгізіп, нық отырғанша үстінен басыңыз. Құрылғы орнатылғанда дыбыс естіліп, параметрлер мəзірі ашылады.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу: 1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Пуск (Бастау) > Все программы (Барлық бағдарламалар) > Аксессуары (Керек-жарақтар) > Служебные (Жүйелік құралдар) > Дефрагментация дисков (Дискіні дефрагментациялау) тармақтарын таңдаңыз. 3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Қосымша ақпарат алу үшін, дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының анықтамасын қараңыз.
Тазалау іс рəсімдері Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы компьютерді тазаламаңыз. Компьютерді өшіріңіз. Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз. Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым алуына əкелуі мүмкін.
◦ Сыртқы құрылғыларды ажыратпас бұрын, медиа құралдарын сыртқы құрылғылардан алыңыз. ЕСКЕРТУ: Бұл əрекетті дискіні тасымалдау, сақтау немесе онымен сапарға шығу алдында, осы əрекетті орындаңыз. Бұл компьютердiң немесе дискінің бұзылу, дискіге зақым келу немесе мəлiмет жоғалу қаупін төмендетеді. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз. ◦ Компьютерді сөндіріңіз. ● Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді компьютерден бөлек ұстаңыз.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
Құпиясөздерді пайдалану Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау жəне қауіпсіз түрде онлайн əрекеттер орындау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Бірнеше құпиясөз түрін орнатуға болады. Мысалы, компьютерді бірінші рет орнатқанда, оны қорғауға пайдаланушы құпия сөзін орнату сұралады. Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған НР Setup Utility (BIOS) утилитасында орнатылады. Setup Utility (BIOS) мүмкіндігінде де, Windows қауіпсіздік мүмкіндігінде де бір құпия сөзді пайдалануға болады.
Құпиясөз Қызмет ЕСКЕРТПЕ: Əкімші құпия сөзін Windows жүйесіне орнатылған əкімші құпия сөзімен алмастыруға болмайды немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде көрсетіледі. ЕСКЕРТПЕ: Қосылғанда сұралатын құпиясөз алғаш тексеру кезінде «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін, ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетілгенше енгізілсе, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін əкімші құпиясөзін енгізу керек болады.
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдалану Компьютер вирустары утилиталарды, бағдарламаларды немесе амалдық жүйені өшіріп, олардың қалыпсыз жұмыс істеуіне əкелуі мүмкін. Вирусқа қарсы бағдарламалық құрал вирустардың көбін тауып жоя алады, сондай-ақ, көбінесе олардың келтірген зиян салдарын шешеді. Компьютер вирустары туралы толық ақпарат алу үшін, «Справка и поддержка» (Анықтама жəне қолдау) орталығының «Поиск» (Іздеу) жолағына вирустар сөзін теріңіз.
HP компаниясының жəне үшінші тарап бағдарламалық құралдарының жаңартуларын орнату HP компаниясы компьютерге бастапқыда орнатылған бағдарламалық құралдар мен драйверлерді үнемі жаңартуға кеңес береді. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін, http://www.hp.com/support торабына өтіңіз. Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет. Компьютер сатып алынғаннан соң үшінші тарап бағдарламалық құралы орнатылған болса, бағдарламалық құралды үнемі жасап жүріңіз.
3. Қауіпсіздік кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны кілтпен жабыңыз. 4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
10 Computer Setup (BIOS) жəне HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS жаңартуын жүктеп алу ЕСКЕРТУ: Компьютерге зақым келтірмеу немесе сəтсіз орнатуды болдырмау үшін BIOS жаңарту файлын компьютер айнымалы ток адаптері арқылы сенімді сыртқы қуат көзіне қосылған кезде ғана жүктеп алыңыз жəне орнатыңыз. Компьютер батарея қуатымен жұмыс істеп тұрғанда, қосымша жалғау құрылғысына жалғанғанда немесе қосымша қуат көзіне қосулы болғанда, BIOS жаңартуын жүктеп алмаңыз немесе орнатпаңыз.
System Diagnostics пайдалану System Diagnostics (Жүйе диагностикасы) компьютер жабдықтарының дұрыс істеп-істемейтінін тексеру мақсатында диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. System Diagnostics құралын бастау: 1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген кезде, f2 пернесін басыңыз. 2.
3. Өнім атын мəтін өрісіне енгізіп, Search (Іздеу) түймешігін басыңыз. 4. Компьютер үлгісін жəне амалдық жүйе түрін таңдаңыз. 5. Диагностикалық бөлімде HP UEFI Support Environment (HP UEFI қолдау ортасы) пəрменін таңдаңыз. – немесе – Download (Жүктеу) түймешігін басыңыз, одан кейін Run (Орындау) опциясын таңдаңыз.
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Сақтық көшірмелер жасау 1. Компьютер параметрлерін орнатқаннан кейін бірден HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдаланып қалпына келтіру дискілерін жасаңыз. 2. Аппараттық құрал жəне бағдарламалар қосқаннан кейін жүйені қалпына келтіру нүктелерін жасаңыз. 3.
● Қалпына келтіру дискілерін компьютерден бөлек, қауіпсіз жерде сақтаңыз. ● Егер қажет болса, қалпына келтіру дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager бағдарламалық құралын келесі ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру ұсынылатын болады. Қалпына келтіру дискілерін жасау 1. Пуск (Бастау) тармағын таңдаңыз да, іздеу жолағына қалпына келтіру деп теріңіз. Тізімнің ішінен Recovery Manager тармағын таңдаңыз. Сұралған жағдайда, əрекетті жалғастырыңыз.
3. Защита системы (Жүйені қорғау) қойындысын ашыңыз. 4. Создать (Жасау) түймешігін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастапқы қалпына келтіру жасау үшін, Алдыңғы жүйені қалпына келтіру нүктесіне қайтару (61-бет) бөлімін қараңыз. Жүйенің жəне жеке ақпараттың сақтық көшірмелерін жасау Компьютерде файлдар, электрондық хаттар, фотосуреттер сияқты маңызды ақпараттар сақталады жəне оларды компьютерге вирус кіргенде немесе жүйе жұмысында ақаулық пайда болғанда сақтау керек болады.
◦ жеке ақпараттың соңғы көшірмесі болуы үшін, жоспар бойынша жүйелі түрде; ◦ көп файлдар қосқаннан кейін, мысалы туылған күн кешіндегі бейнелерді сақтаған болсаңыз; ◦ зиянды бағдарламаны жою үшін вирусқа қарсы бағдарламалық құралды пайдаланудың алдында; ◦ суреттер, бейнелер, музыка, жоба файлдары немесе деректер жазбалары сияқты қалпына келтіру қиын болатын ақпаратты қосқаннан кейін; Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау Windows жүйесі Windows
Арнайы файлдарын қалпына келтіру Егер файлдар байқаусызда жойылған жəне оларды «Recycle Bin» (қоқыс кəрзеңкесі) ішінен қалпына келтіру мүмкін болмаса немесе файлдар зақымданса, арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясын қолдануға болады. Арнайы файлдарды қалпына келтіру функциясы бұрын бастапқы жүйені HP Recovery Manager көмегімен қалпына келтіру таңдалған болса пайдалы болады. Бұрын сақтық көшірмесі жасалған тек арнайы файлдарды қалпына келтіре аласыз.
HP Recovery бөлімінің көмегімен қалпына келтіру (тек таңдаулы үлгілерде) HP қалпына келтіру бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан жүйені бастапқы қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
1. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 2. Компьютер қайта іске қосылып жатқанда esc пернесін басып, жүктелу параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз. 3. Жүктелу параметрлері терезесінен Internal CD/DVD ROM Drive (Ішкі CD/DVD диск жетегі) тармағын таңдаңыз. Қалпына келтіру флэш-жадының жүктелу тəртібін өзгерту үшін, мына əрекеттерді орындаңыз: 64 1. Флэш-жадты USB портына жалғаңыз. 2. Компьютерді қайта іске қосыңыз. 3.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 10 - 90% 10 - 90% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 12192 м арасында -50 фут пен 40000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қыс
13 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету ● Ақаулықтарды жою ● Қолдау қызметіне хабарласу Ақаулықтарды жою Сымсыз байланыс мəселелері Сымсыз байланыс мəселелерінің кейбір мүмкін себептері төмендегілерді қамтиды: ● Сымсыз құрылғы қосылмаған. ● Сымсыз құрылғы дұрыс орнатылмаған немесе өшірілген. ● Сымсыз құрылғының басқа құрылғылармен кедергілері пайда болды. ● Сымсыз құрылғы немесе жол жоспарлағыш аппараттық құралы жұмыс істемейді.
Қажет желіге қосылу мүмкін емес Қауіпсіздендірілген WLAN желісі болса, қажетті желіге қосылу мүмкін болмайды. Қауіпсіздендірілген WLAN желісі қосылу үшін қауіпсіздік кодын білуіңіз керек. Қосымша ақпарат алу үшін,келесі бөлімді қараңыз. Қауіпсіздік кодын енгізу мəселені шешпесе, WLAN байланысы зақымданған болуы мүмкін. Көп жағдайларда, Windows жүйесі ақаулық орын алған WLAN байланысын автоматты түрде түзетеді.
3. Желіні тізімнен таңдап, оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Свойства (Сипаттар) параметрін таңдаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер керекті желі тізімде болмаса, жол жоспарлағыш немесе кіру нүктесі жұмыс жасап тұрғандығын тексеру үшін желі əкімшісіне хабарласыңыз. 4. Безопасность (Қауіпсіздік) қойындысын ашып, Ключ безопасности сети (Желілік қауіпсіздік кілті) жолағына сымсыз байланыстың дұрыс шифрлау мəліметтерін енгізіңіз. 5. Осы параметрлерді сақтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
1. Веб-шолғышты ашыңыз да, http://www.hp.com/support мекенжайына өтіңіз. 2. Еліңізді/аймағыңызды таңдаңыз. 3. Бағдарламалық құралды жəне драйверді жүктеп алу параметрін таңдап, іздеу жолағына компьютер үлгісінің нөмірін теріңіз. 4. enter пернесін басыңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. ЕСКЕРТПЕ: Егер қолданыстағы WLAN құрылғысы бөлек сатып алынған болса, соңғы бағдарламалық құралды алу үшін өндіруші веб-торабын қараңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу ● Күту күйін қосыңыз. ● Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, келесі қадамдарды орындаңыз: 1. Пайдаланушымен ауыстырылатын заряды таусылған батареяны зарядталған батареяға ауыстырыңыз немесе айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне сыртқы қуат көзіне қосыңыз. 2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Қолдау қызметіне хабарласу Осы пайдаланушы нұсқаулығындағы немесе Анықтама жəне қолдау бөлімдеріндегі ақпарат сұрақтарыңызға жауап бермесе, http://www.hp.com/go/contactHP мекенжайындағы қолдау қызметіне хабарласуға болады. ЕСКЕРТПЕ: Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін, беттің сол жағындағы Contact HP worldwide (НР компаниясының дүние жүзі бойынша қолдау орталығына хабарласу) сілтемесін таңдаңыз немесе http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html веб-торабына өтіңіз.
14 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 24 Айнымалы ток адаптері 6 ақаулықтарды жою Айнымалы ток адаптері 71 батареяның төмен деңгейі 70 дыбыс функциялары 70 қуатты басқару 70 сымсыз байланыс 67 Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету 67 амалдық жүйе Microsoft түпнұсқалық туралы куəлігінің жапсырмасы 14 Өнім кілті 14 астыңғы жағы 14 аудио, пайдалану 22 аудио кіріс (микрофон) ұясы 7, 21 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 24 аудио функциялары, тексеру 22 аудио функцияларын тексеру 22 аудио шығыс (құл
жойылған файлдар қалпына келтіру 62 жұмыс ортасы 66 жұмысты аяқтау 39 жүйе ақпаратының пернелер тіркесімі 28 жүйені қалпына келтіру 62 жүйені қалпына келтіру нүктелері, жасау 59 жүктеу реті өзгерту 63 И Интернет байланысын орнатқыш 17 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 50 К кабельдер USB 41 компьютер, сапарға шығу 38 компьютерді қорғау 45 компьютерді өшіру 39 компьютерді сапарға алып шығу 14, 38, 46 компьютерді тазалау 45 компьютерді тасымалдау 46 концентраторлар 41 корп
сенсорлы тақтаның масштабтау қимылы 32 сенсорлы тақтаның шымшу қимылы 32 сериялық нөмір, компьютер 14 сымсыз байланыс түймешігі 15 сымсыз байланыс шамы 10, 15 сымсыз басқару элементтері Wireless Assistant бағдарламалық құралы 15 амалдық жүйе 15 түймешігі 15 сымсыз желі, қорғау 52 сымсыз желі (WLAN) жұмыс ауқымы 18 корпоративтік WLAN қосылымы 18 қажет жабдық 17 қауіпсіздік 17 қоғамдық WLAN қосылымы 18 қосылу 18 пайдалану 16 сымсыз куəландыру белгісі 14 сыртқы айнымалы ток қуаты, пайдалану 39 сыртқы айнымалы
V VGA порты, жалғау 23 W Windows қауіпсіздік жаңартулары, орнату 51 Windows құпия сөздері 49 Windows пернесі, анықтау 12 Windows сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру файлдарды қалпына келтіру 62 Wireless Assistant бағдарламалық құралы 15 WLAN антенналары, анықтау 8 WLAN жапсырмасы 14 WLAN желісіне қосылу 18 WLAN жүйесін орнату 17 WLAN құрылғысы 14, 16 WWAN антенналары, анықтау 8 Индекс 77