User Guide - Windows 8

Батарея сынағыбұл сынақ батареяның жағдайын анықтап, қажет болса, оның дəлдігін
реттейді. Батарея сынақтан өтпесе, НР тұтынушыларға қолдау көрсету қызметіне мəселені
хабарлап, басқа батареяны сатып алыңыз.
BIOS Management (BIOS басқару) құралы арқылы жүйенің BIOS нұсқасын жаңартуға
немесе қайтаруға болады. Бұл үрдіс барысында компьютердің жұмысын аяқтамаңыз
немесе сыртқы қуат көзінен ажыратпаңыз. BIOS өзгерілмес бұрын растау терезесі
ашылады. BIOS update
(BIOS жаңарту), BIOS Rollback (BIOS нұсқасын қайтару) немесе
Back to main menu (Басты мəзірге қайту) параметрін таңдаңыз.
System Diagnostics терезесінде жүйе ақпараты мен қателер журналдарын қарап шығуға немесе
тілдерді таңдауға болады.
System Diagnostics құралын бастау:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта бастаңыз. Экранның төменгі сол бұрышында «Press
the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары
көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске қосу мəзірі көрсетілген
кезде, f2 пернесін
басыңыз.
2. Орындалатын диагностикалық сынақты таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер орындалып тұрған диагностикалық сынақты тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
92 Бап 12 Computer Setup (BIOS), MultiBoot жəне System Diagnostics