User Guide - Windows 8
аКомпьютерді сапарға алып шығу
Ең жақсы нəтижеге қол жеткізу үшін саяхаттау кезінде компьютерді тасымалдау жөніндегі мына
кеңестерді орындаңыз:
●
Компьютерді тасымалдауға дайындау:
◦
Ақпараттың сақтық көшірмесін жасаңыз.
◦
Барлық дискілерді жəне жад карталары сияқты барлық сыртқы медиа карталарды
шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютерге, дискіге зақым келу немесе ақпараттардың жоғалу қаупін
азайту үшін, оны диск орнынан шығарып алмас бұрын жəне дискімен тасымалдау,
сақтау немесе сапарға шығу алдында медианы диск жетегінен алып тастаңыз.
◦
Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
◦
Компьютерді сөндіріңіз.
●
Ақпараттың сақтық көшірмесін бірге алып жүріңіз. Барлық сақтық көшірмелерді
компьютерден бөлек ұстаңыз.
●
Ұшақпен ұшқанда, компьютерді қол жүгі ретінде ұстаңыз жəне оны басқа жүктеріңізбен
бірге тіркемеңіз.
ЕСКЕРТУ: Дискінің магнитті өрістерге қойылмауын қадағалаңыз. Магнитті өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы құрылғылар мен қауіпсіздік бағандарында болады.
Қол жүгін тексеретін əуежай конвейер таспалары жəне осыған ұқсас қауіпсіздік
құрылғылары магнетизм орнына рентген сəулелерін қолданады жəне ол дискіге зақым
келтірмейді.
●
Јуе сапары кезінде компьютерді қолдануға рұқсат беру əуе компаниясының құқығында.
Егер ұшу кезінде компьютер қолданғыңыз келсе, алдын ала əуе компаниясынан рұқсат
алыңыз.
●
Егер компьютер қолданылмайтын болса жəне сыртқы қуатқа 2аптадан артық қосылмайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
● Компьютерді немесе дискіні тасымалдағанда, сəйкес қорғаныш орамы мен «СЫНҒЫШ»
деген жапсырманы
қолданыңыз.
●
Егер компьютерде, мысалы, 802.11b/g, GSM (ұялы байланыстың ғаламдық жүйесі), немесе
GPRS (деректерді пакеттеп тасымалдау) құрылғысы сияқты сымсыз құрылғы немесе HP
ұялы кең жолақты модулі орнатылған болса, бұл құрылғылардың жұмысы кейбір
орталарда тыйым салынатындығын ескеріңіз. Ұшақтарда, ауруханаларда, жарылғыш
заттар жанында жəне қауіпті орталарда осындай шектеулер болуы мүмкін. Егер белгілі бір
97