User Guide - Windows 8
əАқаулықтарды жою
Төмендегі бөлімдер осы тарауда қамтылған:
Ақаулықтарды жою көздері
● Компьютер туралы веб-тораптар сілтемелерін жəне қосымша ақпаратты HP Support
Assistant қызметінен табыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін,
бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір тексеру жəне жөндеу құралдарын пайдалану үшін Интернетке қосылу
қажет. НР компаниясы Интернетке қосылмайтын қосымша да құралдарды ұсынады.
●
Қолдау қызметімен хабарласыңыз. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа
өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html.
Мүмкіндіктер тізімінен қолдау түрін таңдаңыз:
◦
HP маманымен желіде тікелей тілдесу.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір тілде чат мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
◦
НР қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
◦
НР қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
◦
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын анықтау.
Мəселелерді шешу
Төмендегі бөлімдер бірнеше жалпы мəселелер мен шешімдерді сипаттайды.
Компьютер қосылмайды
Компьютер қуат түймешігін басқан кезде қосылмаса, төмендегі ұсыныстар компьютердің
неліктен қосылмай тұрғандығын анықтауға көмектесуі мүмкін:
●
Егер компьютер розеткаға қосылған болса, розеткаға ток келіп тұрғанын тексеру үшін
басқа электр құрылғысын қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Осы компьютермен бірге берілген немесе осы компьютер үшін НР компаниясы
ұсынған айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз.
●
Егер компьютер айнымалы ток розеткасынан басқа сыртқы қуат көзіне жалғанса,
айнымалы ток адаптерін пайдаланып, компьютерді айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
Қуат сымы мен айнымалы ток адаптерінің қауіпсіз жалғанғанын тексеріңіз.
Ақаулықтарды жою көздері 99