User Guide - Windows 8
1 Қош келдіңіз
Компьютер параметрлерін орнатып, оны тіркегеннен кейін, мына əрекеттерді орындау
маңызды:
●
Жаңа Windows® мүмкіндіктерін зерттеу үшін басып шығарылған Windows 8 Негіздері
нұсқаулығын оқыңыз.
КЕҢЕС: Ашық тұрған бағдарламадан немесе Windows жұмыс үстелінен компьютердің
бастау экранына жылдам оралу үшін, пернетақтадағы Windows түймешігін
басыңыз.
Windows түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
●
Интернетке қосылу — Интернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпаратты
Желіге қосылу 16-бетте бөлімінен қараңыз.
●
Вирусқа қарсы бағдарламалық құралды жаңарту — вирустардан болатын зақымнан
компьютерді қорғаңыз. Бағдарламалық құрал компьютерде алдын ала орнатылып келеді.
Қосымша ақпаратты
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану 72-бетте бөлімінен
қараңыз.
●
Компьютермен танысу — компьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта, сенсорлы
тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы шарлау 23-бетте атты
бөлімдерден қараңыз.
●
Орнатылған бағдарламалық құралды табу — компьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз:
Бастау экранында п деп жазып, Приложения (Бағдарламалар) тармағын басыңыз жəне
көрсетілген тізімінен опцияны таңдаңыз. Компьютермен жеткізілетін бағдарламалық
құралды пайдалану туралы толық ақпаратты бағдарламалық құралдың өндірушісі берген
нұсқаулардан қараңыз. Нұсқаулар бағдарламалық құралмен бірге берілуі немесе
өндірушінің веб-торабында
болуы мүмкін.
● Қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш жетегін жасау арқылы қатты
дискінің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру 80-бетте бөлімін қараңыз.
1