User Guide - Windows 8

Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз. Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні
электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен
қалпына келтіріңіз.
Дискіні ойнатудан бұрын ұйқылық күйді ажыратыңыз.
Дискіні ойнатқан кезде ұйқылық күйді қоспаңыз. Əйтпесе, жалғастыру керектігін сұрайтын
ескерту хабары көрсетіледі. Егер осы хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін
басыңыз. Жоқ түймешігі басылғаннан кейін компьютер мына əрекеттердің
біреуін жүзеге
асырауы мүмкін:
Ойнату жалғасуы мүмкін.
немесе
Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға
қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести
(Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта
бастауыңыз қажет.
Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында
ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Windows жүйесінде, компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында оң жақ
түймешікпен басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін
таңдаңыз.
ə
. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
102 Қосымша ə Ақаулықтарды жою