User Guide - Windows 8
8. SIM картасын SIM ұясына салып, ол өз орнында тығыз түскенше SIM картасын оның
ұясына жайлап басыңыз.
ЕСКЕРІМ: SIM картасының компьютерге салынатын бағытын анықтау үшін, батарея
орнындағы суретті қараңыз.
9. Батареяны орнына салыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер батарея орнына салынбаса, HP Mobile Broadband модулі өшеді.
10. Сыртқы қуатты қайтадан қосыңыз.
11. Сыртқы құрылғыларды қайтадан қосыңыз.
12. Компьютерді қосыңыз.
SIM картасын шығарып алу үшін картаны басып, оны ұясынан шығарып алыңыз.
GPS пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Компьютерде GPS (Ғаламдық орынды анықтау жүйесі) құрылғысы орнатылуы мүмкін. GPS
спутниктері орналасу, жылдамдық жəне бағдарлар туралы ақпаратты GPS стандартымен
жабдықталған жүйелерге жібереді.
Қосымша ақпарат алу үшін, «HP GPS and Location» бағдарламалық құралының анықтамасын
қараңыз.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану
Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық
кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз
етеді.
●
Компьютерлер (жұмыс үстелі, ноутбук, қалта компьютері)
●
Телефондар (ұялы, сымсыз, смартфон)
Сымсыз желіге қосылу 21