User Guide - Windows 8

Пернетақтаны пайдалану
Пернетақта жəне тінтуір сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты теруге жəне бірдей
функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы
функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға
мүмкіндік береді.
КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows түймешігі ашық болған бағдарламадан немесе
Windows жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам оралуға мүмкіндік береді. Windows
түймешігі қайта басылған кезде, алдыңғы экран ашылады.
ЕСКЕРІМ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Microsoft Windows 8 пернелер тіркесімдерін пайдалану
Microsoft Windows 8 жүйесінде əрекеттерді жылдам орындау үшін пернелер тіркесімдері бар.
Бірнеше пернелер тіркесімі Windows 8 мүмкіндіктерін орындауға көмектеседі. Əрекетті орындау
үшін пернені Windows түймешігімен
бірге басыңыз.
Windows 8 пернелер тіркесімдері туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant
бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау
экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Пернеле
р
тіркесімі
Перне Сипаттама
Бастау экранын ашады.
+ ч Шебер түймелерді ашады.
+ d Windows жұмыс үстелін ашады.
+ tab Ашық болған бағдарламалар арасында ауысады.
ЕСКЕРІМ: Бұл пернелер тіркесімін қажет бағдарлама
ашылғанша басып тұрыңыз.
alt + f4 Ашық болған бағдарламаны жабады.
Жылдам пернелерді анықтау
Пернелер тіркесіміfn пернесі мен esc пернесінің немесе функционалдық пернелердің бірінің
тіркесімі.
ЕСКЕРІМ: Жылдам пернелердің орналасқан жерлері туралы ақпаратты Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Пернелер тіркесімін пайдалану:
fn пернесін аз уақыт басыңыз, одан кейін пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып
қалыңыз.
30 Бап 4 Пернетақта, сенсорлы тақтаның қимылдары жəне меңзегіш құрылғылар арқылы
шарлау