User Guide - Windows 8

Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс), одан кейін Звук (Дыбыс)
тармақтарын таңдаңыз.
Веб-камера (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерлерде кірістірілген веб-камера бар. Алдын ала орнатылған бағдарламалық
құралдың көмегімен сурет немесе бейне түсіру үшін веб-камера пайдалана аласыз.
Фотосуреттерді немесе жазылған бейне қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек
алу
Дыбыссыз суретке түсіру
Бейне
Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге
қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік
беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады.
Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор,
проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз.
Компьютерде мына сыртқы бейне порттардың біреуі немесе бірнешеуі
болуы мүмкін:
VGA
DisplayPort
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Сыртқы құрылғының дұрыс кабель арқылы компьютердегі дұрыс ұяға
қауіпсіз түрде жалғанғандығына көз жеткізіңіз. Сұрақтарыңыз болса, құрылғы өндірушісінің
нұсқауларын қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бейне порттары туралы ақпаратты Компьютермен танысу 4-бетте
бөлімінен қараңыз.
36 Бап 5 Мультимедиа