User Guide - Windows 8

Батареяны тексеру бағдарламасын пайдалану
HP Support Assistant компьютерде орнатылған батареяның күйі туралы ақпаратты береді.
Батареяны тексеруді іске асыру үшін:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютерге қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны тексеру құралының дұрыс жұмыс істеуі үшін компьютер сыртқы
қуат көзіне жалғануы тиіс.
2. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау
көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне
өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Батареяны тексеру құралы батареяның жəне оның ұяларының дұрыс жұмыс істейтінін
тексереді жəне тексерудің нəтижелерін хабарлайды.
Қалған батарея зарядын көрсету
Меңзерді Windows жұмыс үстелінің хабарландыру аймағындағы тапсырма тақтасының оң
жақ шетінде орналасқан қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайту
Батареяның зарядсыздану уақыты батарея қуатын пайдаланғанда қандай мүмкіндіктердің
қолданылатынына байланысты əртүрлі болады. Ең көп зарядсыздану уақыты батареяның
сақтық сыйымдылығы төмендейтіндіктен біртіндеп қысқарады.
Батареяның зарядсыздану уақытын ұлғайтуға арналған кеңестер:
Экранның жарықтығын төмендетіңіз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареямен жабдықталған компьютер қолданыста
болмағанда немесе зарядталмағанда батареяны компьютерден шығарып алыңыз.
Пайдаланушымен ауыстырылатын батареяны салқын, құрғақ жерде сақтаңыз
.
Параметры электропитания (Қуат параметрлері) ішінен Power saver (Қуат үнемдегіші)
параметрін таңдаңыз.
Төмен батарея деңгейлерін басқару
Осы бөлімдегі ақпарат ескертулер мен зауытта орнатылған жүйе жауаптарын сипаттайды.
Кейбір батареяның төмендігі туралы ескертулер мен жүйе жауаптарын Параметры
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану арқылы өзгертуге болады. Параметры
электропитания (Қуат параметрлерін) қолдану басымдықтарының жиынтығы шамдарға əсер
етпейді.
Бастау экранына питание (қуат) сөзін жазып, Настройки (Параметрлер) жəне Параметры
питания (Қуат параметрлері) опциясын таңдаңыз.
Төмен батарея
деңгейлерін анықтау
Компьютердің жалғыз қуат көзі болатын батарея заряды төмен батарея деңгейіне жеткенде,
батарея шамы жыпылықтайды.
Батарея шамы (тек таңдаулы үлгілерде) батарея зарядының төмен немесе тым төмен
деңгейін көрсетеді.
Қуат параметрлерін орнату 43