User Guide - Windows 8
Жад модулін немесе қатты диск жетегін қоспас немесе алмастырмас бұрын жұмысыңызды
сақтаңыз жəне компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қызмет көрсетуге арналған есікті алу немесе қайта қою
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу
Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск пен басқа бөліктерге кіру үшін, қызмет көрсетуге
арналған есікті алыңыз.
1. Қызмет көрсетуге арналған есікті босату үшін, батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет
көрсетуге арналған есік ысырмаларын (1) солға сырғытыңыз, бұранданы алыңыз (егер
қосымша бұранда қолданылса) (2), одан кейін босату ысырмасын (3) қайтадан
сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдалану қажет болмаса, оны қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақтай аласыз.
2. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы жағына қарай сырғытып (4), оны
шешіңіз (5).
Қатты дискілерді пайдалану 57