User Guide - Windows 8

Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салу
Батарея, жад модулі ұясы, қатты диск, техникалық деректер жапсырмасы мен басқа бөліктерге
кіргеннен кейін қызмет көрсетуге арналған есікті орнына орналастырыңыз.
1. Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютердің алдыңғы шетіне жақын туралау үшін,
қызмет көрсетуге арналған есікті төмен еңкейтіңіз (1).
2. Қызмет көрсетуге арналған есіктің артқы шетіндегі туралау құлақшаларын (2)
компьютердегі ойықтарға дəл түсіріңіз.
3.
Қызмет көрсетуге арналған есік орнында отырғанша оны батарея ұясына қарай
сырғытыңыз.
4. Батарея ұясын өзіңізге қаратып, қызмет көрсетуге арналған есікті босату ысырмасын солға
қарай сырғытыңыз (3) жəне таңдасаңыз, қызмет көрсетуге арналған есікті орнына бекіту
үшін, қосымша бұранданы салып, қатайтыңыз (4). Қызмет көрсетуге арналған есікті
құлыптау үшін, босату ысырмасын оңға қарай ысырыңыз (5).
ЕСКЕРІМ: Егер қосымша бұранданы пайдаланғыңыз келмесе, ол қызмет көрсетуге
арналған есіктің астында сақталады.
58 Бап 8 Дискілер