User Guide - Windows 8

Қатты дискіні ауыстыру немесе жаңарту
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін.
Қатты дискіні қатты диск ұясынан шығармастан бұрын, компьютерді өшіріңіз. Компьютер
қосулы тұрғанда, ұйқы немесе күту күйінде болғанда, қатты дискіні шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді
қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қатты дискіні шығарып алу
Қатты дискіні шығару үшін:
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге теріс аударып қойыңыз.
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу 57-бетте
бөлімін қараңыз).
5. Батареяны шығарып алыңыз (
Батареяны шығарып алу 45-бетте бөлімін қараңыз).
6. Қатты дискідегі 4 бұранданы бұрап босатыңыз (1). Қатты дискіні алға қарай сырғытып (2),
қатты драйвты алыңыз (3).
Қатты дискіні орнату
ЕСКЕРІМ: Компьютердің көрінісі осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
Қатты дискіні орнату үшін:
1. Қатты дискіні ұясына бір бұрышынан салыңыз (1), жалпағынан жатқызыңыз, енді пластик
ілгекті (2) компьютердің ортасына қарай тартып қатты дискіні қосқышқа жалғаңыз.
Қатты дискілерді пайдалану 59