User Guide - Windows 8

2. Қатты дискінің бұрандаларын (3) бекітіңіз.
3. Батареяны салыңыз (Батареяны салу 44-бетте қараңыз).
4. Қызмет көрсетуге арналған есікті орнына салыңыз (
Қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына салу 58-бетте бөлімін қараңыз).
5. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды жалғаңыз.
6. Компьютерді қосыңыз.
Қатты дискінің жұмысын жақсарту
Дискіні дефрагментациялау құралын пайдалану
Компьютерді пайдаланғанда қатты дискідегі файлдар бөлініп қалады. Дискіні
дефрагментациялау құралы амалдық жүйе тиімді жұмыс істеуі үшін қатты дискідегі бөлініп
қалған файлдар мен қалталарды қайта біріктіреді.
ЕСКЕРІМ: Дискіні дефрагментациялау құралын жартылай өткізгішті дискілерде жұмыс істету
қажет емес.
Дискіні дефрагментациялау құралы жұмысын бастаған кезде ол қадағалаусыз жұмыс істей
береді. Қатты дискінің көлеміне жəне бөлініп қалған файлдар саына байланысты дискіні
дефрагментациялауға бір сағаттан артық уақыт кетуі мүмкін. Оны түнде немесе компьютерді
қолдану керек емес басқа уақытта жасауға болады.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні
дефрагментациялау құралының жұмысын
айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ
дефрагментациялауды кез келген уақытта қолман жасауға да болады.
60 Бап 8 Дискілер