User Guide - Windows 8
Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу үшін:
1. Компьютерді айнамалы ток көзіне қосыңыз.
2. Бастау экранында диск сөзін теріп, Параметры (Параметрлер) жəне Дефрагментация и
оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін
таңдаңыз.
3. Оптимизация (Оңтайландыру) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Windows жүйесі компьютердің қауіпсіздігін жақсарту үшін, пайдаланушы
есептік жазбасын басқару мүмкіндігін қамтиды. Бағдарламалық құралды орнату,
утилиталарды іске қосу немесе Windows параметрлерін өзгерту сияқты тапсырмаларды
орындау үшін сізден рұқсат немесе құпия сөз сұралуы мүмкін. HP Support Assistant бөлімін
қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP
Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін дискіні дефрагментациялау бағдарламалық құралының
анықтамасын қараңыз.
Дискіні тазалау құралын пайдалану
Қатты дискідегі орынды босатып, компьютер жұмысының тиімділігін арттыру үшін дискіні
тазалау құралы қатты дискіден еш қауіпсіз жоюға болатын файлдарды іздеп табады.
Дискіні тазалау құралын қосу үшін:
1. Бастау экранында диск деп теріп, Параметрлер жəне Освобождение места на диске за
счет удаления лишних файлов (Қажетсіз файлдарды жою арқылы дискіде орын босату)
пəрмендерін таңдаңыз.
2. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP 3D DriveGuard пайдалану
Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне
дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды.
●
Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
●
Батарея қуатынан қосылып тұрған компьютерді оның дисплейі жабулы күйінде
жылжытасыз.
Бұл оқиғалардың біреуі аяқталғаннан кейінгі қысқа мерзімде HP 3D DriveGuard қатты дискіні
қалыпты жұмыс жағдайына қайтарады.
ЕСКЕРІМ: Қатты күйдегі диск жетектерінің (SSDs) қозғалмалы бөлшектері болмағандықтан,
HP 3D DriveGuard қажет емес.
ЕСКЕРІМ: Бастапқы қатты диск ұясындағы немесе қосымша ұясындағы қатты дискілер HP 3D
DriveGuard арқылы қорғалады. Қосымша қондыру құрылғысына орнатылған немесе USB
портына қосылған қатты диск HP 3D DriveGuard арқылы қорғалмайды.
Қосымша ақпаратты HP 3D DriveGuard бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
HP 3D DriveGuard күйін анықтау
Компьютердегі қатты диск шамы бастапқы қатты диск ұясындағы жəне/немесе қосымша қатты
диск ұясындағы (тек таңдаулы үлгілерде) дискінің қауіпсіз орнатылғанын көрсету үшін түсін
өзгертеді. Дискілердің қазіргі уақытта қорғалып тұрғанын немесе дискінің қауіпсіз позицияға
орнатылғанын анықтау үшін, Windows жұмыс үстеліндегі тапсырмалар тақтасының оң жақ
Қатты дискілерді пайдалану 61