User Guide - Windows 8

Құпия сөздерді пайдалану
Құпия сөзкомпьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөздер Windows жүйесінің немесе компьютерде алдын ала орнатылған Windows
жүйесінен басқа жүйелердің Computer Setup утилитасында (BIOS) орнатылады.
BIOS əкімшісінің құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында
орнатылады. Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
Автоматты DriveLock құпия сөздері Computer Setup утилитасында
қосылады.
Windows құпия сөздері тек Windows амалдық жүйесінде орнатылады.
Егер HP SpareKey бұрын орнатылған болса жəне Computer Setup құралындағы BIOS
əкімшісінің құпия сөзін ұмытып қалсаңыз, құралға HP SpareKey арқылы кіруіңізге болады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзін ұмытсаңыз жəне DriveLock басты құпия сөзі Computer
Setup қызметінде орнатылған болса, құпия сөздермен қорғалған қатты диск құлыпталып,
қолданысқа жарамай қалады.
Computer Setup жəне Windows қауіпсіздік мүмкіндіктері үшін бір
құпия сөзді пайдалануға
болады. Бірнеше Computer Setup мүмкіндігіне де бір құпия сөзді қолдануға болады.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін келесі кеңестерді орындаңыз.
Құпия сөздерді жасаған кезде бағдарламамен қойылған талаптарды орындаңыз.
Бір құпиясөзді бірнеше қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз жəне Windows
құпиясөзіңізді басқа қолданбалар мен веб-сайттар үшін қолданбаңыз.
HP Client Security бағдарламасының Password Manager (Құпия
сөздер реттегіші) құралын
веб-тораптарыңыз бен бағдарламаларыңыздың барлығы үшін пайдаланушы аттары мен
құпия сөздерін сақтау мақсатымен пайдаланыңыз. Егер ұмытып қалсаңыз, келешекте
оларды қауіпсіз оқуыңызға болады.
Құпия сөздерді компьютердегі файлда сақтауға болмайды.
Келесі кестелерде жиі қолданылатын Windows жəне BIOS əкімшілік құпия сөздерінің тізімі жəне
олардың функцияларының сипаттамасы берілген.
Windows амалдық жүйесінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
Əкімші құпия сөзі* Windows əкімшілік деңгейіндегі есептік жазбаны
қорғайды.
ЕСКЕРІМ: Windows əкімші құпиясөзін тағайындау BIOS
əкімші құпиясөзін тағайындамайды.
Пайдаланушының құпия сөзі* Windows жүйесін пайдаланушылардың есептiк
жазбаларын рұқсатсыз пайдаланудан қорғайды.
*Windows əкімші құпия сөзі немесе Бастау экранында Windows пайдаланушы құпия сөзі параметрлерін орнату
туралы ақпаратты алу үшін, HP Support Assistant бөлімін қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
64 Бап 9 Қауіпсіздік