User Guide - Windows 8
Computer Setup қызметінде құпия сөздер орнату
Құпия сөз Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup қызметін рұқсатсыз кіруден қорғайды.
ЕСКЕРІМ: BIOS əкімші құпия сөзін жою мақсатымен
мүмкіндіктер қосылған болса, олар өшірілгенше құпия
сөзді жоюға болмауы мүмкін.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock қорғанысын жою
үшін де қолданылады. Бұл құпия сөз қосу үрдісі
барысында DriveLock Passwords параметрінде
орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін
орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock қызметімен қорғалған ішкі қатты дискіні
рұқсатсыз кіруден қорғайды жəне қосу үрдісі барысында
DriveLock Passwords парметрінде орнатылады.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін орнатпас бұрын BIOS
əкімші құпия сөзін орнату қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Бұл құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін мына қадамдарды орындаңыз:
Жаңа BIOS əкімші құпия сөзін орнату
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен
Security (Қауіпсіздік) > Setup
BIOS Administrator Password (BIOS əкімші құпия сөзін реттеу) тармағын таңдап, enter
пернесін басыңыз.
4. Нұсқау берілгенде, құпия сөзді теріңіз.
5. Нұсқау берілгенде, жаңа құпия сөзді растау үшін қайта теріңіз.
6. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
Құпия сөздерді пайдалану 65