User Guide - Windows 8

DriveLock құпия сөзін орнату
Computer Setup қызметінде DriveLock құпия сөзін орнату үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосып, төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз») хабары шыққанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен Қауіпсіздік > DriveLock
тармақтарын таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. DriveLock құпия сөзін тағайындау (
жиһандық) тармағын басыңыз.
5. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
6. Меңзегіш құрылғының немесе жебе пернелердің көмегімен ішкі қатты дискіні таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
7. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз.
8. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді теріп, enter пернесін басыңыз.
9. Нұсқау берілгенде, басты құпия сөзді
растау үшін, қайта теріп, enter пернесін басыңыз.
10. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін теріп, enter пернесін басыңыз.
11. Нұсқау берілгенде, пайдаланушы құпия сөзін растау үшін, қайта теріп, enter пернесін
басыңыз.
12. Таңдалған дискіге DriveLock қорғанысын қоюды растау үшін, растау жолағында
DriveLock деп теріп, enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock құпия сөзін растағанда, əріптің үлкен-кішілігіне назар аудару керек.
13. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Бұл өзгертулер нəтижесі компьютерді қайта қосқаннан кейін көрінеді.
68 Бап 9 Қауіпсіздік