User Guide - Windows 8
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
6. Ескертуді оқыңыз. Жалғастыру үшін, YES (ИƏ) жауабын таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап Computer Setup құралынан шығу үшін, Save (Сақтау) пернесін басып,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз
.
Автоматты DriveLock қорғанысын алу
Computer Setup қызметінде DriveLock қорғанысын алу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе қайта қосыңыз, содан кейін экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» («Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз»)
хабары көрсетілгенде, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup қызметіне кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
3. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Automatic DriveLock (Автоматты DriveLock) тармағын таңдап, enter пернесін
басыңыз.
4. BIOS əкімші құпия сөзі опциясын ашып, enter пернесін басыңыз.
5. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен ішкі қатты дискіні таңдап, enter
пернесін басыңыз.
6. Көрсеткі құрылғысы немесе көрсеткі пернелері көмегімен Disable protection (Қорғанысты
ажырату) пəрменін таңдаңыз.
7. Өзгерістерді сақтап, Computer Setup қызметінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышындағы Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелерінің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтау
жəне шығу) пəрменін таңдап, enter пернесін басыңыз.
Вирусқа қарсы бағдарламаны пайдалану
Компьютерді электрондық пошта, желі немесе Интернет бетін ашу үшін пайдаланғанда оған
вирустар ену қаупі төнеді. Компьютерлік вирустер амалдық жүйені, бағдарламаларды немесе
қызметтік бағдарламаларды бұзады, не болмаса олардың нашар жұмыс істеуіне əкеліп
соқтырады.
Вирусқа қарсы бағдарлама көптеген вирустарды тауып жоя алады, жəне көбінесе олардың
келтірген зиян салдарын шешеді. Жаңа пайда болған вирустардан уақытымда қорғауды
қамтамасыз ету үшін вирусқа қарсы бағдарлама жаңартылып отыру керек.
Компьютеріңізде Windows Defender алдын ала орнатылған. Компьютерді жан-жақты қорғау үшін
вирусқа қарсы бағдарламаны қолдануды жалғастыруға кеңес беріледі.
Компьютер вирустары туралы қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан
қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support
Assistant белгішесін таңдаңыз.
72 Бап 9 Қауіпсіздік