User Guide - Windows 8
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану
Желіаралық қалқан жүйені немесе желіні рұқсатсыз пайдаланудан қорғау үшін жасалған.
Желіаралық қалқан компьютерге жəне/немесе желіге орнататылатын бағдарламалық құрал
немесе аппараттық жəне бағдарламалық құралдың екеуінде қорғайтын шешім болуы мүмкін.
Екі түрлі желіаралық қалқанның ішінен таңдау жасауға болады:
●
Хостқа негізделген желіаралық қалқандар — тек өзі орнатылған компьютерді қорғайтын
бағдарламалық құрал.
●
Желіге негізделген желіаралық
қалқандар DSL немесе кабельдік модемнің жəне үй
желісінің арасына орнатылып, желідегі барлық компьютерлерді қорғайды.
Желіаралық қалқан орнатылған соң жүйеге жəне жүйеден жіберілген барлық деректер
тексеріліп пайдаланушы анықтаған қауіпсізідк белгілері бойынша салыстырылады. Осы
белгілерге сəйкес келмейтін кез келген деректер құрсауланады.
Компьютеріңізде немесе желілік жабдығыңызда желіаралық қалқан орнатылып қойылған болуы
мүмкін. Егер олай болмаса, желіаралық
қалқан бағдарламалық құралын орнатуға болады.
ЕСКЕРІМ: Белгілі бір шарттар аясында желіаралық қалқан бағдарламасы Интернет
ойындарына кіруге мүмкіндік бермейді, желіде принтер немесе файл бөлісуіне араласады,
немесе тіркелген электрондық хат қосымшаларын ашпайды. Мəселені шешу үшін, желіаралық
қалқан бағдарламасын уақытша өшіріп, қажет шаралар қолданған соң, оны қайта қосыңыз.
Мəселені шешу үшін, желіаралық бағдарламасының параметрлерін уақытша өзгертіңіз.
Қорғаныс жүйесінің маңызды жаңартуларын орнату
ЕСКЕРТУ: Microsoft® маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді. Компьютерді
қауіпсіздік бұзудан жəне компьютер вирустарынан қорғау үшін, ескертулерді алғаннан кейін
мүмкіндігінше тез Microsoft компаниясынан барлық маңызды жаңартуларды орнатыңыз.
Жаңартуладың автоматты орнатылуын таңдау мүмкіндігіңіз бар. Параметрлерді өзгерту үшін
Бастау экранында п əрпін теріңіз де, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын
таңдаңыз. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) бөлімін түртіңіз, Обновления
Windows (Windows жаңартулары) тобын, Изменить параметры (Параметрлерді өзгерту)
бөлімін түртіңіз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Client Security қолданбасын пайдалану (тек
таңдаулы үлгілерде)
HP Client Security бағдарламасы компьютерде алдын ала орнатылған. Бұл бағдарламаны
бастау экранындағы HP Client Security арқылы, Windows жұмыс үстелінен хабарландыру
аймағындағы тапсырмалар жинағындағы оң жақ таңба арқылы немесе Windows басқару панелі
арқылы ашуға болады. Оның қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, желілер мен өте маңызды
деректерге рұқсатсыз кіруден қорғайды. Қосымша ақпаратты HP Client Security бағдарламалық
құралының анықтамасынан қараңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақшы ретінде əрекет ететіндей құрастырылған, бірақ ол
компьютерді дұрыс ұстамаудың немесе ұрлануының алдын алмауы мүмкін.
Желіаралық қалқан бағдарламасын пайдалану 73