User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу
болуы мүмкін. Компьютеріңіздегі қауіпсіздік кабель құлпының орналасқан жері туралы
ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелін қорғалатын затқа ораңыз.
2. Кілтті (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьтердегі қауіпсіздік кабелінің ұясына (3) салыңыз да, сосын оны
кілтпен жабыңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын қолдану (тек таңдаулы
модельдерде)
Ішкі саусақ ізін оқу құрылғылары тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін оқу
құрылғысын қолдану үшін, саусағыңыздың таңбасын HP Client қауіпсіздік деректері
менеджеріне тіркеуіңіз қажет. HP Client қауіпсіздік бағдарламасының анықтамалық қызметіне
жүгініңіз.
Саусақ ізін Credential Manager құралында тіркегеннен кейін, қолдау көрсетілетін веб-
тораптарда жəне бағдарламаларда пайдаланушы аттары мен құпия сөздерін сақтау жəне жазу
үшін, HP Client Security бағдарламасының Password Manager құралын пайдалана аласыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысының орналасуы
Саусақ ізін оқу құрылғысы – пернетақтаның оң жағында орналасқан кішкентай темір сенсор.
Компьютердің үлгісіне байланысты саусақ ізін оқу құрылғысы көлденеңінен немесе ұзынынан
орналасуы мүмкін. Оның екі түрі де саусағыңызды металды сенсордың үстіне тігінен тигізуіңізді
талап етеді. Компьютеріңіздегі саусақ ізін оқу құрылғысының орналасқан жері туралы
ақпаратты
Түймешіктер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы (тек таңдаулы үлгілерде) 6-бетте
бөлімінен қараңыз.
74 Бап 9 Қауіпсіздік