User Guide - Windows 8

Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту
НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды
ұсынады. Ең соңғы нұсқаларды жүктеп алу үшін
http://www.hp.com/support торабына өтіңіз.
Жаңартулардың бар екені туралы ескертулерді автоматты түрде алу үшін тіркелу қажет.
SoftPaq Download Manager құралын пайдалану
HP SoftPaq Download Manager (SDM) құралы НР бизнес компьютерлері үшін SoftPaq ақпаратын
SoftPaq нөмірін енгізбестен жылдам ашуға мүмкіндік береді. Бұл құралды пайдалану арқылы
SoftPaq файлдарын оңай тауып, оларды жүктеп ашуға болады.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында орналасқан компьютер үлгісі мен
SoftPaq ақпараты бар дерекқор файлын оқып, оны жүктейді. SoftPaq Download Manager құралы
жүктеуге болатын SoftPaq файлын анықтау үшін бір немесе бірнеше компьютер үлгісін
көрсетуге мүмкіндік береді
.
SoftPaq Download Manager құралы HP FTP веб-торабында дерекқор немесе бағдарламалық
құралдың жаңартулары бар-жоқтығын тексереді. Егер жаңартулар табылған болса, олар
жүктеліп, автоматты түрде қолданылады.
SoftPaq Download Manager құралын HP веб-торабынан жүктеп алуға болады. SoftPaq Download
Manager құралын SoftPaq файлдарын жүктеп алуға пайдалану үшін, алдымен бағдарламаны
жүктеп орнатуыңыз тиіс.
http://www.hp.com/go/sdm мекенжайы бойынша HP веб-торабына өтіп,
SoftPaq Download Manager бағдарламалық құралын жүктеу жəне орнату нұсқауларын
орындаңыз.
SoftPaq файлдарын жүктеп алу үшін
Бастау экранына s əрпін жазыңыз. Іздеу жолағына softpaq деп жазып, HP SoftPaq
Download Manager (НР SoftPaq жүктеу реттеушісі) пəрменін таңдаңыз. SoftPaq файлдарын
жүктеу үшін нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Пайдаланушы жазбасын басқару функциясымен сұрақ қойылса, Иə түймешігін
басыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 79