User Guide - Windows 8

Сақтық көшірме жасау кезінде төмендегі кеңестерге назар аударыңыз:
Жеке файлдарды Құжаттар кітапханасына сақтап, олардың сақтық көшірмелерін тұрақты
түрде жасап тұрыңыз.
Тиісті бағдарламаларында сақталатын үлгілердің сақтық көшірмелерін жасаңыз.
Терезе, құралдар тақтасы не мəзір жолында реттелетін параметрлерді олардың экран
суретін жасау арқылы сақтаңыз. Параметрлерді қалпына келтіру қажет болған кезде экран
суреті уақытыңызды сақтауы
мүмкін.
Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру мүмкіндігінің көмегімен сақтық көшірме жасау үшін
:
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісін бастамас бұрын компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Сақтық көшірме жасау үрдісіне файл өлшеміне жəне компьютердің жазу
жылдамдығына байланысты бір сағаттай уақыт қажет болуы мүмкін.
1. Бастау экранында резервная копия (сақтық көшірме) деп теріп, Параметры
(Параметрлер) пəрменін басып, көрсетілген параметрлер тізімінен таңдаңыз.
2. Экрандық нұсқауларды орындап сақтық көшірме параметрлерін орнатыңыз, жүйе бейнесін
жасаңыз (тек таңдаулы үлгілерде) немесе жүйені жөндеу медиасын жасаңыз (тек
таңдаулы үлгілерде).
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Жүйе қателігі немесе тұрақсыздығы орын алса, компьютер файлдарыңызды қалпына келтіру
үшін төмендегі құралдарды қамтамасыз етеді:
Windows қалпына келтіру құралдары: Windows жүйесінің сақтық көшірме жасау жəне
қалпына келтіру құралын пайдаланып бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты
қалпына келтіруге болады. Windows жүйесінің автоматты түрде жөндеу мүмкіндігінің
көмегімен Windows жүйесіне дұрыс іске қосылуға кедергі жасайтын проблемаларды
шешуге болады.
f11 қалпына
келтіру құралдары: f11 қалпына келтіру құралдарын қатты дискінің бастапқы
кескінін қалпына келтіру үшін пайдалануға болады. Кескінге Windows амалдық жүйесі жəне
зауытта орнатылған бағдарламалық құрал бағдарламалары кіреді.
ЕСКЕРІМ: Компьютерді іске қосу əрі бұрын жасалған жүйені жөндеу дискілерін (тек таңдаулы
үлгілерде) пайдалану мүмкін болмаса, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін сатып алып
компьютерді қайта жүктеу жəне амалдық жүйені жөндеу керек болады. Қосымша ақпарат алу
үшін
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану 83-бетте бөлімін
қараңыз.
Windows қалпына келтіру құралдарын пайдалану
Бұрын сақтық көшірмесі жасалған ақпаратты қалпына келтіру үшін:
HP Support Assistant бағдарламасын ашыңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол
жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Автоматты түрде жөндеу көмегімен ақпаратты қалпына келтіру үшін, мына қадамдарды
орындаңыз:
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 81