User Guide - Windows 8
3. Егер HP Recovery бөлімі тізімде болса, компьютерді өшіріп қайта іске қосыңыз жəне
экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін
ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
4. Экранда «Press <F11> for recovery» (Қалпына келтіру үшін F11 пернесін басыңыз) хабары
шыққанда f11 пернесін басыңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін (бөлек сатылады) пайдалану
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісіне тапсырыс беру үшін, қолдау қызметімен
хабарласыңыз. Осы компьютермен жабдықталған Worldwide Telephone Numbers (əлем
бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-
сайтынан да қарауға болады.
http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін пайдалану қатты диск ішіндегісін толығымен
өшіреді əрі қатты диск жетегін қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар мен компьютерге
орнатылған кез-келген бағдарламалық құралдар біржолата жойылады. Қайта пішімдеу
аяқталғанда, қалпына келтіру процесі амалдық жүйені, сондай-ақ драйверлерді,
бағдарламалық құралдарды жəне утилиталарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін пайдаланып қалпына келтіруді іске қосу үшін:
ЕСКЕРІМ: Бұл процесс бірнеше минутқа созылады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Компьютерді өшіріп, қайта қосыңыз да, Windows 8 амалдық жүйесінің DVD дискісін
Windows амалдық жүйесі жүктелгенше оптикалық диск жетегіне салыңыз.
3. Сұралғанда, пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Қалпына келтіру үрдісі аяқталғаннан кейін:
1. Windows 8 амалдық жүйесінің дискісін шығарып, «Драйверді қалпына келтіру» дискісін
шығарып алыңыз.
2. Алдымен Аппараттық құралды қосу драйверлерін, одан кейін ұсынылған
бағдарламаларды орнатыңыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына
келтіру үшін пайдалану
Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру
қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына
келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда
орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру функциясын пайдалану кезінде, жойылған стандартты
бағдарламалар тізімі сақталады жəне сізге қажет болуы мүмкін қолданбаларды оңай қайта
орнатуға мүмкіндік беріледі. Əдеттегі қолданбаларды қайта орнату туралы нұсқауларды HP
Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу
үшін, бастау экранында HP Support Assistant белгішесін таңдаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 83