User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану барысында рұқсат немесе құпия сөз
сұралуы мүмкін. Қосымша ақпаратты HP Support Assistant бағдарламасынан қараңыз. HP
Support Assistant бағдарламасына қол жеткізу үшін, бастау экранында HP Support Assistant
белгішесін таңдаңыз.
Қалпына келтіру функциясын іске қосу үшін:
1. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер
параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында
Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз.
4. Восстановление ПК без удаления файлов (
Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру)
параметрін көрсету үшін оң жақтағы параметрлер тізімінің төменгі бөлігіне жылжыңыз.
5. Восстановление ПК без удаления файлов (Файлдарды жоймастан ДК қалпына келтіру)
ішінен Начало работы (Жұмысты бастау) пəрменін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату
Кейде, компьютеріңізден бас тартпас немесе оны қоқысқа тастамас бұрын компьютерді
толығымен қайта пішімдеуді жүзеге асыруды қалайсыз немесе жеке ақпаратыңызды алғыңыз
келеді. Осы бөлімде компьютерді оның бастапқы күйіне қайтару үшін жылдам əрі оңай əдіс
сипатталады. Бұл мүмкіндік арқылы барлық жеке мəліметтер, бағдарламалар мен параметрлер
жойылып, Windows жүйесі қайта орнатылады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бұл мүмкіндік арқылы мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесі
жасалмайды. Бұл мүмкіндікті пайдаланбас бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке
мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Бұл мүмкіндікті f11 пернесін басу арқылы немесе бастау экранында іске қоса аласыз.
f11 пернесін пайдалану үшін
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Тіліңізді таңдаңыз.
3. Пернетақта жаймасын таңдаңыз.
4. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
5. Вернуть компьютер в
исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру)
параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастау экранын пайдалану үшін
1. Шебер түймелерді көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
84 Бап 11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру