HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - Guarantee and Legal Guide
Қызмет мерзімін ұзартушы және техникалық қызмет көрсету
жинағының шектеулі кепілдігі
Келесі жағдайлар орын алғанға дейін: a) принтер басқару панелінде қызмет мерзімінің таяғанын көрсететін
индикатор жанғанға дейін немесе ә) принтерді сатып алған күннен бастап кепілдік мерзімінің ішінде
HP өнімінің материалында және сапасында кемшіліктер болмайды. Ауыстыру және профилактикалық
қызмет көрсету жинақтары немесе қызмет мерзімін ұзартушы өнімдердің бөлшектерге қатысты кепілдік
мерзімі 90 күнді құрайды.
Бұл кепілдік төмендегі өнімдерге берілмейді (a) жаңартылған, қайта жасалған немесе қандай да бір
жолмен қолдан жасалған
, (ә) дұрыс пайдаланбау, дұрыс сақтамау немесе принтер өнімінің жарияланған
қоршаған орта ерекшеліктерінен тыс қолдану нәтижесінде шыққан мәселелерге тап болған (б) қарапайым
пайдаланудан тозған.
Кепілдік қызметіне қол жеткізу үшін өнімді сатып алған орынға (ақаулығын жазбаша сипаттап)
қайтарыңыз немесе HP компаниясының тұтынушыларды қолдау орталығымен хабарласыңыз. HP
компаниясының таңдауы бойынша ақаулы деп табылған өнімдерді ауыстырады немесе сатып алуға
кеткен қаражатты қайтарады.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ШЕКТЕ, ЖОҒАРЫДА КӨРСЕТІЛГЕН КЕПІЛДІК ЕРЕКШЕ КЕПІЛДІК БОЛЫП
ТАБЫЛАДЫ ЖӘНЕ БАСҚА ЖАЗЫЛҒАН НЕМЕСЕ АУЫЗША КЕПІЛДІК НЕ ЖАҒДАЙ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ НЕ
ТҰСПАЛДАНБАЙДЫ. СОНДАЙ-АҚ, HP КОМПАНИЯСЫ ӨНІМНІҢ САТУҒА ЖАРАМДЫЛЫҒЫ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ
САПАСЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛІ БІР МАҚСАТҚА СӘЙКЕСТІГІ БОЙЫНША ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕН НЕМЕСЕ
ЖАҒДАЙЛАРДАН БАС ТАРТАДЫ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДӘРЕЖЕДЕ, HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШБІР
ЖАҒДАЙДА ДА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА НЕМЕСЕ БАСҚАҒА НЕГІЗДЕЛГЕНІНЕ
ҚАРАМАСТАН ТІКЕЛЕЙ, НАҚТЫ, ЖАНАМА, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС (СОНЫҢ ІШІНДЕ ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА МЕН ДЕРЕКТЕР)
НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗИЯН ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
БҰЛ МӘЛІМДЕМЕДЕ БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДӘРЕЖЕНІ ҚОСПАҒАНДА, БҰЛ
ӨНІМДІ СІЗГЕ САТУҒА ҚАТЫСТЫ МІНДЕТТІ, ЗАҢДА БЕЛГІЛЕНГЕН ҚҰҚЫҚТАРЫҢЫЗДЫ ЖОЙМАЙДЫ,
ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ, ОЛАРДЫ ТОЛЫҚТЫРАДЫ.
14 1-тарау Қызмет және қолдау KKWW










