HP Color LaserJet Enterprise MFP M681, M682 - User Guide
Сканерленген құжаттар үшін межелі қалтаны конфигурациялаңыз
1-опция: Ортақ қалталар немесе FTP қалталары
Сканерленген құжаттарды стандартты ортақ қалтаға немесе FTP қалтасына сақтау үшін, келесі
қадамдарды орындаңыз:
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to shared folders or FTP folders (Ортақ қалталарға немесе FTP
қалталарына сақтау) таңдаңыз.
2. Add... (Қосу) түймесін басыңыз. Add Network Folder Path (Желі қалтасының жолын қосу) диалогтық
терезесі ашылады.
3. Add Network Folder Path (Желі қалтасының жолын қосу) диалогтық терезесінде келесі опциялардың
бірін таңдаңыз:
●
Бірінші опция: Стандартты ортақ желі қалтасына сақтау
ЕСКЕРТПЕ: Ортақ желі қалталарын жасау туралы қосымша мәліметтерді Set up a shared folder
(
Ортақ қалтаны орнату) (c04431534) бөлімінен қараңыз.
1. Егер ол әлі таңдалмаса, Save to a standard shared network folder (Стандартты ортақ желі
қалтасына сақтау) таңдаңыз
.
2. UNC Folder Path
(UNC қалта жолы) жолағына қалта жолын енгізіңіз.
Қалта жолы межелі қалтаның толықтай анықталған домен атауы (FQDN) (мысалы, \
\ser
vername.us.companyname.net\scans) немесе сервердің IP мекенжайы (мысалы, \
\16.88.20.20\scans) болуы мүмкін. Қалта жолының (мысалы, \scans) FQDN немесе IP
мекенжайға сәйкес келетінін тексеріңіз.
ЕСКЕРТПЕ: FQDN
мекенжайы IP мекенжайға қарағанда сенімдірек болады. Егер сервер IP
мекенжайын DHCP арқылы алса, IP мекенжайы өзгеруі мүмкін. Дегенмен, принтердің
межелі серверді табу үшін DNS пайдалануы қажет болмағандықтан, IP мекенжаймен
байланыс жылдамырақ болуы мүмкін.
KKWW Желілік қалтаға сканерлеуді реттеу 113










